Көп болды массагетке кірмегелі...
блог
Біраз болды өмірден баз кешіп кеттім...
2 апта бойы сабаққа бармадым. Өз-өзіме демалыс жариялап. Интернет деген адамды байлап алды. Істеп жатқан шаруам да жоқ. Айтпақшы Массагеттің блогері Қанат Әбілқайыр ағамыз сүйікті, бес жұлдызды жатақханаға қонаққа келіп кетті. Бәрінен қалып қалған көңілді жібітіп, жақсы әңгімелерімен бөлісіп дегендей...
Бүгін не істерімді білмей дал болдым. Содан Қайрат Нұртастың "Өкінішін" көрдім "YouTube"-тан. Негізі фильм жаман емес сияқты. Бірақ кино аяқталғанда ешқандай сезім болмады, тіпті фильм барысында. Жалпы бірақ көп жерінде күлдім. Мысалы Қанатқа Жанатбек: "Сен Сәбиттің інісі емессіңба"-десе, Қанат: "Қай иттің?"-деп қояды. Сосын Нұрлан Еспанның қылықтарына және сөздеріне күлмеу мүмкін емес. Жалпы бұл жерлердің киноға негізі түк қатысы жоқ.
Тағы бір түсінбегенім, не деген көөөөп машина анау! Үйден үйге жету үшін машина ауыстырама бірдеңе ғой. Анау түріктердің ең ұзақ деген "КӨКЖАЛДАР МЕКЕНІ" деген фильмнің 200 сериясында Полат Алемдар 1 ғана Х5 пен жүреді. Бірақ, РИНАТ керемет жақсы тәуір актер екен!
Тұңғышбай аға мен Асанәлі ағамыз түскен фильмге төмен баға бермеп едік осыған дейін... Алайда "ол кісілердің де ақшалары азайып қалды ма екен"? Кім білсін....
Жалпы айтайын дегенім осы! Айтпақшы МАССАГЕТТІКТЕРДІ құттықтаймын! Анара мен Ардақ бақытты болсын!