Әр атқан таңым бағалы,
Сыр үйсем жаныма бекем.
Көп болды сағынбағалы,
Қашан шын сағынады екем?!
Бақ таппай қыздардан әлі,
Өткенге жүз қарап өтем.
Көп болды қызғанбағалы,
Қашан шын қызғанады екем?!
Мұңайып күзде келеді,
көз жасын төгеді...жылап.
Көп болды іздемегелі,
Іздегім келеді бірақ.
Жиналған басым-ай күдік-
күйреткен кезінде мені.
Көп болды осылай жүріп,
Сезімді сезінбегелі...
Төкпеспін жасты кеп көп,
жоқ оның маған емі.
Жас жүрек тас жүрек боп,
Кетпесе жарар еді...