Қоңыр күз сыйлаған тосын махаббат...

Қоңыр күз сыйлаған тосын махаббат...
жеке
блог

Күз. Сарғайған сары дала. Жанымның үнсіздігі даланың тыныштығымен астасып жатқандай. Мезгілдердің ең мұңлы шағы, бәлкім, осы қоңыр күз болар. Білмеймін күз мезгілінің табиғаты жаныма жалау болып, жыртық көңілге жамау болғандай. Терезеден үңіліп қарасам, сары көрпеге оранып алған тылсым табиғат сұлулығына тәнті боламын. Жердегі қызыл, сары жапырақтардың желмен жарысып ұшып нәзік еркелегендері бейне бір сұлу қыздың назданған шағын көз алдыма елестетеді. Шыдамастан жылы киініп далаға шықтым. Ақырын ғана жалғыз аяқ жолмен жүріп келемін.Айналамдағы тыныштықты менің аяғыма оралған жапырақтар сыбдыры ғана бұзып келе жатқандай. Кәрі даланың қу көңілі бәрін іштей сезетіндей. Жабырқау жан дүнием ұзақ көшені жалғыз аралады. Шаршады, білем. Алайда, сұлу табиғат өзінен еш жалықтырар емес. Керісінше мені әдемі саябақта өзімен сыр бөлісуге әлсін-әлсін итермелейді. Сол-ақ екен себелеп жылы жаңбыр жауа бастады. Мен саябақта жалғызбын. Жылы жаңбыр көңілдегі бар күдікті әп сәтте жуып, шаятындай тырсылдап, айқайлап тұрғандай. Саябақтың орындығына отырдым. Ұзақ әрі әсем ой мені елітіп әкетті. Неге көңілім сонша құлазып, жалғызсырайды деген сұраққа осы қоңыр күздің өзі жауап беретіндей күттірді. Кенеттен, қолшатыр ұстаған ұзын бойлы жігіттің қасыма келіп қалғанын тәтті ойдың жетегінде отырып байқамай да қалыппын. Ол маған үн қатпады, келді де үнсіз ғана  саябақтың орындығына жайғасты. Ол да ауыр мұңмен, дертті болған жүрекпен табиғатқа үнсіз тіл қатты, білем...Өйткені оның жанары махаббаттың меңзі еткен мәңгілік сезіміне толы екенін байқадым...Менің де жанарым сондай махаббатқа толы ма кім білсін?!Мен неге бұл мұңлы саябақтан кеткім келмейді?Мені ұстап тұрған сол жігіттің жанары ма әлде??Жооқ,жоқ мүмкін емес...Ғашық болу үшін келгем жоқ бұл саябаққа...Бірақ,тағдыр тоғыстырғысы келсе, бәрі де өз құзырында... Қоңыр күз сыйлаған тосын махаббатқа қарсы тұру күнә болар мүмкін,сіз қалай ойлайсыз???