Көңілсіз күн

Көңілсіз күн
жеке
блог

Хабарласпай кеткенің дұрыс болды, Көңілі салқын судай салқындасын деген шығарсың?! Оңашада қаймығып ән тыңдасын деген шығарсың?! Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың?! Егіліп жыларсың да басыларсың деген шығарсың?! Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың?! Сүйетінің шын болса, іздеп келсін деген шығарсың?! Мейрамдарда қуанбай, мұңға батсын деген шығарсың?! Суық жүзден сырғанақ мұз сырғысын деген шығарсың?! Мені әлсіз, жанымды күйретейін деген шығарсың?! Қаталдыққа осылай үйретейін деген шығарсың?! Бәрі де солай болды, жылаймын мен. Ерітсе деп ертерек мұз боп қалмаймын мен, Бәрі де солай болды, тек қана іздеп бармаймын. Мен нәзік гүлмін, сен құламайтын шынарсың?! Бірақ мен шыдаған да оған, сен шыдамайтын шығарсың?!