Тарс жабылған есіктің дауысы бәрінің зәресін алған сияқты. Дана артына қарамастан адымдарын жиілетіп, сыныптан ұзай берді. Мұғалім: «Өңкей тәрбисіздер»,- деп сабағын әрі қарай жалғастырып жатты. Барлық оқушылардың сабақтан көңілдері шеттеп, жаңағы болған оқиғаны талқылауда...
Дана ашуланамын деп мектептен қалай шығып, аялдамаға жетіп қалғанын да білмей қалды. Телефоннан сыныптас құрбысына сөмкесі мен сыныптағы заттарын ала келуін өтініп хат жолдап аялдамада отыр еді, бір неше күн бойы ауырып сабаққа келмей жүрген сыныптасы - Ақмаралды кездестірді. Ақмарал жақындап келіп:
-«Ей, түріңе не болған, біреумен төбелесіп қалған жоқсың ба?» - деп әзілдеп еді, Дана:
- «Қойшы соны да, баяғы мұғалім ғой жерден алып жерге салды, содан сон айтарға сөзім қалмағандықтан шығып кеттім, ата-анама айтып басқа мектепке ауысқым келеді»,- деді.
- «Ой, сенің айтқаның дұрыс, сол сыныбымызда шыншыл болып сөйлейтін сен ғана ғой, басқалары сырттан сөйлегенде алдына жансалмайды, мұғалімнің алдына келгенде ауыздарына құм құйып алғандай отырады, сонымен, тіпті мектептен кетіп қалсаң бұрынғыдан да үлкен бірдеңе болғаны ғой, автобусын келгенше айтып, шеріңді тарқатып ал» - деді де жанына келіп отырды. Дана:
Білесің ғой, мен осы жылы Әуезов ауданындағы мектептен ауысып келдім. Бізде мектептің формасы қара немесе көк түсті болатын. Ал мен жазда ғана қара түсті форма жаңадан алып қойғанмын, содан соң осы ауданнан үй алып амалдың жоғынан он бірінші сыныпта мектебімді ауыстыруға тура келді. Сендердің мектептеріңде қара түсті форманы киім көрмейді екен, сабақ басталғаннан бастап «не киіп алғансың, формаң қайда»,- деп құлағымның құрышын алды, алғашқыда заң бойынша тек көк түс қана емес, қара түсті киім де мектеп формасына жатады деп жүргеніммен мұғалім болмай көк киім алуымды талап етті. Ата анама ол жайында айтқым да келмеді, бір жылда бір баласына екі мектеп формасын алу ата анаға да қиын, оның үстіне біздің отбасымызда төрт бала, «қайсымызды жарылқайды»-, деп мазаларын алмайын дегенмін. Содан, мұғалім болмай қойған соң мамама барып: «Бұл мектепте қара түсті форма кигенімен ашық сабақтар мен мерекелерде көк түсті форма киеді екен»,- деп базарға барып өзім арзан ау деген юбканы сатып алдым. Шалбар мен костьюмның керегін тіпті айтпадым, солай келесі күні юбкамды киіп бардым. Ал күн суытқанда ақ жейдемнің сыртынан көк түсті жемпір киетінмін, оны де кигізбей қойды, не себепті екенін түсінбедім. Оқушының жағдайна қарамайды ма, жемпір түрлі түсті емес, форманынң қара көк түсіндей ғой, оның үстіне костьюмнан жылы. Солай келесі күннен бастап тек жейде киіп жүрдім, күн суытқанда джинс шалбар мен күзгі куртка киіп барып, киім ауыстыратын жерден юбкам мен жейдемді ауыстырып киіп жүрдім. Тағы бір күні соны мұғалім байқап қойып «мектепке олай киініп келме, тіпті ауыстырсаң да олай киінбе»,- деді. Мен ол кісіге «Мұғалім, мен мектепте формадамын ба, иа, форма киіп жүрмін, мектепке дейін не киіп келетінім емес, мектепте не киетінімді қадағалауларыңыз ғой, дала суық жейде мен юбка киіп келсем ертең ақ ауырамын ғой» деп едім, мұғалім сөзімді бөліп: «жап ауызыңды, ештеңе білмеймін, ауырасың ба, ауырмайсың ба, оны өзің білесің, енді мектепке диін кисең де мына киіміңді көрмейтін болайын, ата-анаңа айт, костьюм алып берсін»,- деді. Мектеп те суық, ескі ғимараттың жылу жүйесі де дұрыс істемейді. Солай жейдемнің ішінен ақ кофталар киіп жүрмін. Суық, бірақ құлаққа да тыныштық керек. Бұл бір ма, мұғалім сөйлегенде өте дөрекі, қатты сөздері еттен өтіп сүйекке жетеді. Сөздері ауыр-ауыр, қай оқушыға болмасын ескерту айтқанда түймедейді түйедей қылып төндіріп, десфемизм, дөрекі сөздерін жаңбырша жаудырғанда, оқушына сынып алдында масқарасын шығарады. Мұғалімдер оқушының психологиялық, ойлау қабілеттерін көтере түсіру үшін мұғалім мен оқушы, оқушы мен сыптастар арасындағы қарым-қатынастарды қадағалап, керекті шаралар қолданатын еді, қазірде біздің мұғалім сияқты кісілер керісінше оқушыны барлық жағынан тығырыққа тілейді. Мұғалімдердің біразында эстетика, этика деген ұғым жоқ. Бұл тек біздің мұғалімге ғана қатысты емес, мектептегі оқу ісінің меңгерушілері де базардағы сатушылар сияқты мектептің бір шетінен екінші шетіндегі оқушыға айғалағанын көрген сырттан келген кісі, өзін базарға кіргендей сезінуі ғажап емес. Педагогтар арнай білім алады, ал сол білімдері сонда осылай бір бірінің беттерін жыртып айғайлау ма? Oсы жақында мұғалімлер жиналысында екі мұғалім сөзге келіспей, шаштарын жұлысуға дейін барыпты, бұл не сұмдық. Бұл да қазіргі мектеп оқушылардың басындағы ең мәселелі іс. Үшіншіден, біз он бірінші сыныппыз, алдыда Ұлттық Біріңғай Тест. Ал жалпы білім беретін мектепттердің көпшілігінде оқушылардың сынақтесттерден төмен бал алады. Сыныптың басым көпшілігі өтпелі баллдың өзін ала алмай отыр. Бұған оқушылардың өздері кінәлі, он бір жыл бойы оқымай сандалып жүріп енді содан опық жеп жатыр десек те, бұған мұғалімдердің де қателігі себепкер. Оқушылардың оқуын бақылау нашар, төменгі сыныптарда жақсы баға алса сол баға он бірінші сыныпқа дейін өзгермей журнал бетінде келеді. Оқушыларға қойылатын талап та дұрыс емес. Мұғалім өзі есепті түсіндіре алмайды, тіпті физикадан беретін мұғалім бір есепті соңына дейін талдап шығара алмайды. Тесттің есептерін, сұрақтарын талдағанда ең оңайларын шығарып беріп, қалғандарын үйден шығарып келемін деп, сол бетінде қалып қояды. Кейбір мұғалімдер білсе де түсіндіре алмайды. Сыныпта оқитын айналдырған бес оқушы ал қаған жиырмасы сол қалпы ештеңе білмей, білгісі де келмей жүре береді. Қытай елінде білімі ең мықты, ең қиын психологиялық, педагогикалық, білім сынықтарынан өткен адам ғана мұғалімдікке алынады. Ал біздің елде жақсы, талабы қатаң оқуға түсе алмай, қиын жұмыстарды істей алмағандар мұғалім бола салады. Жақсы мұғалімдер бар, білімі жақсы, өз ісінің маманы, алай да өте аз. Сондықтан да жалпы білім беретін оқу жүйесі тереңдетілмеген мектептерде оқушының зиіні мен оқуы өте төмен көрсеткішті көрсетеді. Ал енді он бірінші сыныпта бәріміз жанталасып қосымша курстарға барамыз, тесттің бес пәнінің қосымша курсының тоғыз айға төленетін құны орташа есеппен алғанда 200.000 теңге. Ия, кез келген орташа ауқатты отбасының баласын бұндай курста оқытуға шамасы келмейді, алайда кез келген оқушы өздігімен тестке дайындалуы да мүмкін емес. Сондықтан да оқушының психологиясында құбылмалы өзгерістер, өзіне деген сенімнің жоғалып, қорқып, өмір осы бір тестпен бітіп қалатындай сезініп өзіне өзі қол жұмсау да кездесіп жатады. Иа, бұл әр жас өспірім бала үшін өте қорқынышты кезең. Осы сәтте дұрыс педогогтың кеңесі мен ата ананың қолдауы керек. Алай да, қазіргі мектептердегі мұғалімдердің біразының кеңес беруге шамасы жоқ, ал ата аналардың көп уақыты жұмыспен өткендіктен де қолдауы аз болады. Шіркін, ана білім министрлігіндегілер осыны неге түсініп, мектеп мұғалімдерін тексеріп, қосымша курстардың өзін ақысыз қылса ғой... Әйтеуір, қазақпыз ғой, көзі ашық, көкірегі ояу әр оқушы бұл болмашы белестен сүрінбей өтіп кетеді.
ЕНТ-ге дайыналатын оқушыларға он бірінші сыныпсыңдар деп мектептің барлық шаруаларын артып қоятынын қайтесің. Барлық мерекелерлі, жарыстар мен іс шараларды ұймдастырып онымен қоймай соған қатысуды талап етеді. Оқушы тестке дайындалады ма әлде әлгі іс шарасындағы номерін дайындайды ма. Оқу ісінің орынбасары келіп: «сен жүргізесің, сен сценари дайындап, сендер қойылымдар көрсетіп, ұйымдастырасыңдар»,- дейді. Қатыспасаң бұлқан талқан болып ренжіп, ауызына келген сөздерін айтып кетеді. Курс пен мектеп сабағынан кешкі сағат жетіде босап келген оқушы бірер сағат дем алып, тамақтанып сабағын оқуы керек, жаңағы концертіне қатысатын болса бар уақыты соған дайындыққа кетіп қалмайды ма? Тесттен төмен балл жинаса сыныпта шу бастадалы, неге төмен балл, неге көтерілмейді, мектептің рейтингісі түсіп кетті деп әлек. Қазір сонда оқушының білімі есес, мектеп рейтингісі маңызды ма? Өздері оқушының оқуына мұрша бермей бірде концерттерін, бірде оқушының киім киіс, жүріс-тұрысын алға тартса, күнде бір ілік іздеп, мұғалімдердің өзі тестті шешіп, талдай алмай жатса, оқушыдан қандай нәтиже күтуге болады. Бүгін де сынып жетекшіме ызам келгенде осының бәрін айтып салдым, бар сөздік қорын жинап ұрыса жөнелді. Айтқан сөздері мұғалімнің емес, көшедегі темекі тартып,сыры ішіп тұрған дені мас адамдардікіндей. Содан шыдай алмай, айтарға сөзім қалмай шығып кеттім, бұл ісім мүмкін дұрыс та емес шығар, бірақ алдымда кешірім сұрауға лайықты, сөзін тыңдауға тұрарлық мұғалім болса кетпеуші едім. Ата анам: «мұғаліміңнің сөзін тыңдамай кетіп қал»,- деп үйретпеген, бірақ осы жолы ызадан шыдай алмай кетіп қалдым. Мені қазіргі қазақ – түрік лицейлері қызықтырып жүр. Алған бағыттары, құрастырған жүйелері жақсы, істері әрдайым нәтижелі. Сол лицейлерле оқып шыққан балалар білім жағынан да, тәрбие жағынан да ерекшеленіп тұрады. Ақысыз, төрт тілді еркін меңгеріп шығып, ҰБТ-дан Қазақстан бойынша нәтижелер тізімінде ең жоғарғы орындарды қанжығаларына байлайды. Ұстаздарының да «оқушылары» десе, шығар жандары бөлек. Біздің мектептерде де сондай талаптар болса ғой. Өзім жинап жатқан балым да жаман емес, Алла қаласа ең жоғарғы көрсеткіштерді көрсететінімен сенемін, алайда мен мұғалімге барлық сыныптың артынан сөйледім. Ақмарал:
- Дана, бәрі өтті, сенің айтқаныңды мен де құптаймын, менімше де сенікі дұрыс. Көңіліңді түсірме, сөздер айтылар, айтылар, қалар. Сенің болашағыңа өзің мен ата- анаңнан басқа алаңдап жатқан жан жоқ. Тек өз күшіңе сеніп жақсы балл жинап, бәрімізді қуант. Сенен келешекте өз ісінің маманы, елдің тірегі болар азамат шығатынына сенемін»,- дегені сол ақ еді, Дананың автобусы да келді, екеуі қоштасып, Ақмарал үйіне кетіп, Дана автобусқа отырды. Дананың Ақмаралды кездестіріп бәрін айтып жеңілдеп алғанына іштей тынышталып, жаны жай тапқандай болды,ішінен:
- Алланың қолдауымен, қалаған оқуыма түсіп, ата анамның мақатанышы болып, үміттерін ақтап, елімнің болашағының көркеюіне кішкене болса да үлес қоссам болғаны» деді де, терезеге қарап ойға шомып кетті...