Көңілді кеш қонақтары
блог
Ұйымдастырылған кездесуіміз де көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Бәрі ойдағыдай өтті десе болады, тек қонақтарымыз сәл аздау болғаны болмаса. Көбі белгілі бір себептермен келе алмаған екен. Бірақ соған қарамастан көңілді кеш жасауға тырыстық.
Қазақбайшылыққа салынып, "әне келеміз", "міне, келе жатырмыз" деумен, соңы келгенше басы қайтатын да болып қалды.
Бірақ оған дейін таныстық, білістік, ойын ойнадық. Біз танысқан жандармен сіздер де суреттері арқылы таныса жүріңіздер.
Қызылдағы үшеу: Замира Пулатова, Гүлжан Серік, Назерке Смағұл
Театрдан кек алып жүрген Ақбота Мұсабекқызы мен қазақ тілінің жанашыры Ұлан Ерболатұлы
Мақпал Сембайдың құрбысы Әсел Доданова және Массагеттің серісі Абылайхан Есімбай. Әсел Доданова сайтқа жиі кіріп, блог жазып тұруға тырысамын деген қызығушылығын білдіріп кетті.
Массагеттің бұрынғы қызметкері Уалихан Қосанбай. Негізі жақсы-ақ блогтар жаза алады, тек Вконтактіні көбірек мекендейтіні болмаса... )
Әсел Асановаға тәнті болдым. Энергиясы таусылматын қыз екен. Биді де қатырды, ойынды да қатырды, түнімен ұйықтамай үстелді жинап, ерте сабағына кетіп қалды. Неткен пысық қыз еді өзі :) Жігіттердің құлағына алтын сырға! ))
Данагүл Әмір кім деп жүр едіңіздер, міне, Қозыбай Құрман жырлаған "Жайықтың қызы" екен.
Өмірбек Сансызбай мен Массагеттің келіні - Нұржамал Үсенбай
Массагеттің тағы бір келіні - Фатима, жолдасы Мейіржан Әуелханұлы және та-да-да-дам - Мақпал Сембай!!!
Абылайхан Жұмашев домбыра мен гитарасын арқалап әкеліп, көңілді кешті әнмен тербеді
Бағашар Тұрсынбайдың өлеңдерін оқып, пікір жазып тұрыңдар, ағайын! Кім екенін танып алдыңдар ғой! :) Бағашар сонымен қатар, көптеген ақын-жазушылардың өмірінен қызықты әңгімелер айтуға шебер. Соны блог етіп жазса тіпті тамаша болар еді деймін да :)
Мирас Кесебаев келе жатыр дегеннен қыздардың құлағы елең ете қалған еді. Бірақ Мирас келіп, өзін таныстырған соң, бір ойында сөз сөйлеген соң, ләм-мим деп жақ ашпады. Сондай үндемес жігіт екен :)
Қалғаны өзіміз ғой :))
Би билеп, ән айтып, ойын ойнадық. Блог жазудың пайдасын талқыладық, танымалдылықты қалай арттыруға болатыны жайлы біраз сөз қозғалды. Ең соңғы болып Қайсар Қауымбек келген еді. Кешігіп келген өзінен көрсін, суретке түспей қалыпты.
Кеше таныстықтарымыз нығайып, бұдан кейін жақсы дос болып, аралас-құралас болып кетеміз деген сенімдемін! Кеш жайлы өз пікірлеріңізді де білдіре отырыңыздар.