Көңілді демалыс мекені

 

Қазір бәрінде уақыт тығыз. Үйден-жұмысқа, жұмыстан үйге қарай асығып жатамыз. Себеп, үлгеру керек. Бірақ, осы екі аралықта жүргенде үйдегі баламыздың уақыты қалай өтіп жатыр екен деген сұрақ көпшілілігімізді мазалайтыны анық.

Бүгінгі постта мен сіздерге баламен қыдыруға болатын жер туралы бөлісемін!

Шыны керек, біз үйден шығып, адамдармен араласқан соң қоғаммен байланыс бар. Ал, балада ше? сол балапандарға қызықты демалыс сыйлай алып жүрміз бе? 

Біздің отбасымызда әрбір жексебені балаға арнау салты қалыптасқан. Сол күнді біз тек балаға арнауға тырысамыз. Осы ретте, жақында біз өзіміздің отбасы үшін үлкен бір жаңалық аштық:)

"Asia Park" сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан, "lunapark_almaty" ойын-сауық орталығына бардық.

Әдетте, менің қызым өзіне ұнамаған жер болса, ойнамай қоятын, менің жанымнан шықпай қалатын. Ал, бұл жолы мен қызымды таппай қалдым))

Осы орын бізге қатты ұнады)) Ішіне допты салғанда аспанға ұшқан сәттер қызыма өте қызық болып көрінгені рас!

Осыншама шариктерді көрген қызым эйфория болып отырған сәті :))

Өте көңілді мекен)

Қызым үшін ерекше жер болғаны рас.

Бірінші рет барсақ та қызым бұрыннан келіп жүрген жер сияқты бірден ойнап кетті))

Себебі, оған барлығы да қызықты болды:) Негізі, расымен де, бала үшін көңілді уақыт өткізуге таптырмас мекен. 

 



Бөлісу: