Өмірде адамдарға қарап таң қалатын сәттерім көп менің. Қазір де ойлап отырмын, осы неге біз бір-біріміздің қадірімізге жете бермейміз? Жалғанда ең қорқыныштысы - іздеусіз қалу секілді көрінеді. Бір сәтке елестетіп көріңізші, бір күн телефоның үнсіз қалса, агентіңе, поштаңа хабарламалар келмесе... Бір өкініштісі, көбіне-көп бір-бірімізді қажеттілік болғанда ғана іздейміз. Жәй ғана амандасып, хал сұрасу үшін хабарлассаң таңданатын заманда өмір сүрудеміз. Ал енді біреулер бар: хабарлассаң жауап бермейді. Сәлемге, хатқа жауап беру - Пайғамбарымыздың сүннеті екенін білмейтін де емес... Тек бүгінге сенудің қажеті жоқ. Ертең мүлдем керексіз, іздеусіз қалмайтынына кім кепіл?! Жәй, көңілдің бір сәті ғой.