Көңіл күйіңіз жоқ кезде қайда барасыз?

Көңіл күйіңіз жоқ кезде қайда барасыз?
жеке
блог

Қайырлы күн достар!

Мен сізге “Күз мезгілі” деген тіркес айтсам ойыңызға ең бірінші не келеді? Алғашында жайма шуақ айнала сары жапырақтарға толы әсем пейзажды елестетсеңіз соңында кұңгірт, жауынды әрі суық күндер туралы ойлайсыз ба? Сонымен қатар, оқушылар үшін мектепке жиналатын, демалыстағылардың қалаға оралып жұмысын бастайтын, диқандардың астық жинап қыс қамын ойлаған ал біз, студенттер болсақ, аралық бақылауларға қызу дайындық үстіндегі уақытпен тұспа тұс келеді.

Күз айы жаздан кейін келгеннен бе, әлде күрт суытатын мезгіл болғандықтан ба жабыраңқы көңіл күймен жиі ұштастырамыз.Осы уақытта жыл құстары жылы жаққа ұшып кететіндей адамдар да салқын түсе бастағаннан өздеріне жылу сыйлайтын әлемді аңсайды. Мысалы, әлемде әйгілі Фейсбук компаниясының ақпараттарына жүгінсек адамдар күз мезгілінде жеке беттеріндегі статустарын басқа мезгілдерге қарағанда жиірек қарым қатынаста немесе үйленген деген мәртебелерге өзгертеді екен.

Яғни, болашақ жарыңыздың қолын сұрайтын, ғашық болып жүрген адамға сезім білдіретін, көптен бері уақыт таппай жүрген романдарды оқитын немесе жаңбырлы күнде жәй ғана жылы кофе ішіп, өмір туралы ойланау үшін таптырмас мезгіл!

Кейде осы айтылған ойларды жүзеге асыратын жанға жайлы, көңілге жылу ұялататын жерлерді табу біз ойлағаннан қыйын болуы мүмкін. Ал сіз өз қалаңызда сондай жерлерді білесіз бе?

Өзім туып-өскен қала, Алматыдағы мен үшін әсіресе күз айында тамақтануға ең лайық деген жерлді сіздермен бөліскім келеді. Осы мақсатпен, интерьерлары мен көріністерімен ерекшеленетін мейрамханаларды үш бөлікке бөліп таныстыратын боламын.

Бірінші бөлім- Керемет Панорама

Флай бар- тізімдіктегi мейрамханалардың ішіндегі ең көне (1975 жылы салынған) де болса алматылықтардың сүйікті тәжі сипаттас архитектурасымен ерекшеленетін, Қазақстан қонақ үйінің ең үстінгі қабатында орналасқан. Бұл орын клиенттеріне Алматының түнгі көрінісін тамашалай отырып романтикалық атмосферада кешкі ас ішуді ұсынады. Ал күндіз, үстіден ілініп тұрған қағаздан жасалған түрлі құстар-ашық аспанда отырғандай әсер қалдырады.Басқа жерлерден ерекшелігі- үйленуге ұсыныс жасауға таптырмас орын.

Екінші бөім- Үйдегідей жылы интерьер

Бұл бөлімде таныстырғым келген орындардың ішкі интерьері аженің үйіндегідей сезіндіреді. Өйткені олар жылы түсті тамқағаздармен безендіріліп, көптеген ұсақ әрі қызықты заттармен, үйдің нақышындағы жиһаздарымен өзіне баулыйды.

Арома кафесі- Париж үлгісінде әрлендірілген, тәтті француз тоқаштары мен иісі мүңкіген шәй немесе кофе ішуге теңдесі жоқ жер десек артық болмас. Бұл жер тойып тамақ ішуден бұрын, нәзік десерттер мен торттар, түрлі шөптер мен жемістерден дайындалған шайлар мен пайдалы әрі дәмді таңғы астарымен белгілі.Aroma

У апа Тани- Америка құрлығының байырғы тұрғындары, үндістер мен мен Африка тайпаларының ұлттық нақыштарымен безендірілген алғашқы этно кафе. Ұлттық, латын америкалық және италияндық тағамдар сіздің көңіліңізден шықса, ал алуан түрлі ұлттардың этно-музыкасы, тіпті кейде нағыз үндістердің өнерін тамашалау өнерге жақын адамдарға рухани азық болады. Шет елдік және отандық жеке коллекциялардан жиналған құнды суреттер мейрамханың атмосферасын жандандырып тұр. Шәй мен десерт бұйыртыңыз да картиналар көрмесінің ішінде тамақтанған калай болатынын сезініп көріңіз!

Үшінші бөлім- Жаңа таныстар іздейтін жандарға

Бұлтты,жаңбырлы ауа райы адамның көңіл күйін түсіріп, жалғызсыратады. Осындай сәттерде тамаққа талғамдары өзіңдікіне ұқсас жаңа достармен танысуға не жетсін.

Compote студиясы- өзіне тән жаңа әрі қызықты идеясы бар алматыдағы бірден-бір мейрамхана. Бұл жерге келушілер алдын ала жазылады және ең бастысы тамақты өздері дайындайды! Алдын ала талданған мәзірді дайындау барысында шағын топтағы адамдар бір бірімен танысып, қызықты оқиғалар туралы әңгімелесіп, шер тарқатады.

Блогымды аяқтай отырып, М. Паршивиннің “Табиғаттағы барлық жылу - күннен, Өмірдегі барлық жылу – адамнан” деген нақыл сөзін еске салғым келеді. Далада қандай суық болғанына қарамастан, әрқашан сізге жылулық сыйлайтын жерлерде және адамдардың ортасында жүріңіз.