Көңіл-күйді түсірді...
блог
Күз
Егерде біз жыл мезгілдерін адам өмірімен байланыстыра қарайтын болсақ: көктем – адам баласының еш алаңсыз,асыр салып, ойнап-күлетін балалық шағындай болса, жаз – адам өмірінің шым-шытырық оқиғаларға толы болатын мезгілі. Күз - бұл өмірдің артына бір қарамастан зулап өтіп жатқанын еріксіз еске салады, қыс- өзінің боранды күндерімен қарттардың қартайғандығын есіне түсіріп терең ойға батырады.
Біз осы жыл мезгілдерінің күз мезгіліне тоқталмақпыз.
Күз. Күз мезгілінде табиғаттың тосын сыйына көптеп жолығамыз. Мысалы ағаштан түсіп жатқан жапырақтың өзі талай нәрсені айтқысы келетін секілді болып тұрады. Менің өмірімде күз мезгілі айрықша орын алады, өйткені мен күз мезгілінде алғаш рет балабақшаға бардым, мектеп табалдырығын аттадым және де соңғы рет 11-сыныпқа барғанда да сол күз мезгілі болатын.
Ең бастысы осы күз айында мен өзімнің түсуді қалап,армандап келген жоғары оқу орныма және шыңына шығам деген мамандығыма аяқ бастым. Осылайша мен күз мезгіліне барынша сипаттама беруге тырыстым, бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар!