Көңіл күнделігі
блог
«Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз». Халық даналығы.
Кейде бір нәрсені жазайын деп жазбайсың, амалсыздан, ықтиярлы болған соң мәжбүр боласың. Жұмыс аяғына таман Massaget.kz порталында пайда болған «Ауылбайский жігіттің» жазбасын оқып екіұдай сезімде қалғаным... Мен, біреудің табысын саралап кеңес айтудан, екеудің таласын қызықтап билік айтудан аулақпын. Ондайдан бойымды әрдайым тартып ұстағым келеді. Амал не көзбен көріп, боймен сезіп тұрған соң ол іске қала, қалама сен де ортақ болады екенсің. «Жаны ашымастың басы ауырмас» деген сөз бар. Бұл жерде бұғып қалып, бойыңнан асырып жіберу жігітшілікке, қазақи танымға, адамгершілікке жат қылық. Төрелігіне жүгінсек «Ауылбайский жігіттің» әрекетін балама сөз табылмағандықтан «Ұят болды?!» деп бір-екі ауыз сөзбен түйіндей салуға болатын еді. Мені ойландырып отырғаны ол емес, мені ойландырып отырғаны Адай қызы Шоқтың жарқ еткен НАМЫС НАЙЗАҒАЙЫ! Жігіт бойынан табылмаған қасиеттің Адай қызын әруақтандырып тұрғаны...
Адай қызы – ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ!
Мен – ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ!
Күннің нүктесі:
«Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын –
Өзі біліп тұрса игі». Төле би.