Көңіл күнделігі. 20-шы жазба

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсемдағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Күндіз жұмыс. Кешкілік үйге азды-көпті ремонт, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан тым кештеу жатсам да тәтті түстің жанды баурай, аялай тербетуімен таңғы үштерде оянып кеттім. Түстің тым тәттілігі сонша, жайма-шуақ жаз айы, балауса, балалық кезеңім екен деймін. Әкемнің жолдан жетелей өтіп, еркелете көтергені, айналадағы әр затқа ерекше мән бере таныстырып, ағайын-туыс, ата, ағаларыма сәлем бергізгені, соңында, анам екеуі алып берген «Балдырған» велосипедіне отырғызып сәт-сапар тілегені, бәрі-бәрі кинолента тізбектеріндей әлі де көз алдымнан кетер емес...

Жан әке шертіп сезім домбырасын

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бүгін, мен үшін қос мереке: бірі әкемнің туылған күні болса, бірі анамдай мәпелеп, білім нәрімен сусындатқан, атамдай ұлылықты, биіктікті сездірген Massaget.kz порталына алғашқы блогтарымды жаза бастаған күнім екен ). Сондықтан да, ол - қымбат. Біз, жасқа толдық!

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер әкетайым

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/FAikHmEPoNo","width":"425","height":"350"});



Бөлісу: