Көңіл күнделігі. 15-ші жазба

Көңіл күнделігі. 15-ші жазба
жеке
блог

Дүниедегі ең сауапты істер: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен.

Әлқисса, Әбекем Астанаға келді, қоныстанды, қызметке тұрды. Инаугурациясында «АНТ» қабылдады. Аузына түскенін айта салса да, Анттың аты – ант! Түсінген жанға – көрінген, һәм көрінбеген «тізбектерін» тарқатудың да қажеті жоқ, мүмкін, Айсберг шығар. Қиялына қайдан тап болғанын,..

- Эх, Әбеке?! ). Сіз де бір, қызық, қарап жүрмей, енді отырмын, ІСті неден бастасам екен деп.

Расында, Әбекені сөзбен алдаусыратып, көңілін жұбатуға болар еді, бірақ, мен... Иә, мен,.. ))) Мен, ... ғой... )))

- Жә, қойшы, ІСті Форум – Жалпы бөлім – Ойын бұрышы – Массагеттің сырлы сұхбат алаңынан-ақ бастайын, «Орақшы орақ таңдамайды», «Балуанға оң, солы бірдей» деген бар емес пе еді ). Негізі, Массагет – ойын-сауық порталы десек, бұл сұхбат – ойыншының ойыны (жоғары шекте – осылғырдың ойыны, немесе әзәзілдің әзілі) болып табылады. Ал, қорасы осы болған соң, қалай маңырау қажеттігі енді акустикасына байланысты шығар...)

 Сырлы сұхбат

26 сәуірде, «Келесі біздің сырлы сұхбат журналына сіздердің қойған сұрақтарыңызға ауылымыздың екі серісі жауап береді. Олар: Абзал Сариев пен Бигелді Темір. Сұрақтарыңызды жаудырыңыздар қыздар )), - деп бастаған Жанат, 16.05.2013 күнгі хабарламасында: «Бір, екі күнде сұрақтарды жіберемін», - деген екен. Одан бері де мұнша күн, мұнша уақыт өтіпті. Мүмкін, әр түрлі шаруасы болған шығар (?), кінә бізде болмасын, ел сенімін аяқ асты еткен жөн болмас деп, өзіме тиесілі сауалдарды жинақтай келе, осы жазбаны назарларыңызға ұсынамын. Сонымен, сұрақтар мен жауаптар ).

Ғазиза Ұзақ: Аватарға өз суретіңізді қашан қоясыз?
Бигелді Темір:  Орынды сұрақ, әйтсе де, бұл мен үшін шешімін таппаған мәселе... Шарт та емес болар... )

Жансая Тлеулесова: Жігіттерге қояр сұрағым: Болашақта жарларыңыздың қандай болғанын қалайсыздар?

Бигелді Темір: «Қарындасы адал ер бақытты, келіні адал ел бақытты». Бар болса – аспайтын, жоқ болса – саспайтын, қандай жағдай болмасын Атасын құрмет тұтар жан болса қанекей?! )

Жансая Тлеулесова: Өміріңізде қанағаттанатын 3 нәрсеңіз?

Бигелді Темір:

а) Хиһмет сөздерге;

ә) Әз Жәнібектің, Абылайдың, Дінмұхамедтің және Нұрсұлтанның ел басқарудағы көреген саясатына;

б) Алланың берген ризығына.

Жансая Тлеулесова: Әлеуметтік желілерді қаншалықты пайдаланасыздар? және қандай түрлерін?

Бигелді Темір: Жалпы, әлеуметтік желі дегенге еш құмарлығым жоқ еді. Тек, Әбекемнің арқасында назарға ілігіп (facebook) қалғанымыз болмаса... ).

Құмарым – Массагет! )))

Ақ Ерке Әбілхан: Массагеттің контент-менеджері болып қызмет етсеңіздер, қандай жаңа рубрика ашып, қандай тақырып жайында жазар едіңіздер? Біздегі барлардан басқаааа

Бигелді Темір: Басқа ой - басқа кірмепті ). Барынан әрине, «Даналық бастаулары» және «Елтұтқа». Ал, оны жаңа қырынан көргіңіз келсе... )))

Балдәурен Рахым: Жігіттерге сұрақ: Сіздерді нағыз қазақ жігіттеріне тән мінезі барлар қатарына жатқызам өз басым. (Бұл комплимент) Өмірдегі басты тәрбиешілеріңіз кім болды? Кімге еліктеп, кімді үлгі етіп, кімнен жақсы қасиеттерді көбірек алдыңыздар?

Бигелді Темір: Менің, өмірдегі басты тәрбиешім: Апам, асыл Әжем, ақ Әжем! Бірде, Әже деп айтқаным үшін әжептеуір ренжіп қалған, өйткені, біз Апа деп айтып, Апа деп ер жеткенбіз. Расында, бұл кісі нағыз «Даналық мектебі», «Академия» болатын. Ал, ғылым, білімде үлгі тұтқан адамым әдетте мен көке деп атайтын, аяулы ағам!..

Cырдың қызы: Өкініш деген не? Өкінішіңіз бар ма?

Бигелді Темір: Өкініш деген – өткінші нәрсе. Сондықтан болар, менде елдер айтатын шын мәнісіндегі өкініш болған емес. Кейде, «Қап ай, - ә?!», деп отырғанда басқа жағынан еселеп беріп жатса, неліктен өкінуім қажет?.

Ақ Ерке Әбілхан: Адамдарға "жақсы" және "жаман" деген сын есімдерді телуге келісесіздер ме?

Бигелді Темір: Өмірдің қарама-қарсылықтардан тұратынын ескерсек, жақсы мен жаманның болатыны ақиқат нәрсе. Соған қарамай бәрін жақсы деп қабылдау, жоғары адамгершілік қасиетті көрсетсе керек.

Гульфайруз Куанышбаева: Өз еліңіздің қаншалықты жанашырысыз? Қазіргі кезде ер азаматтар неліктен кәрістің азаматтарына еліктегіш болып кетті? Отбасыңдағы тәрбиенің аздығы ма, әлде ұлттық қасиетімізді жоғалтып, санамыздың улануы ма?

Бигелді Темір: Мен, пәлендей еліктеп, елтіп жүрген жастарды байқамадым десем тағы болмас, иә десем тағы болмас. Ғабит Мүсіреповтың: «Ит пен балаға тоқта дегенді дер кезінде айту керек» деген сөзі бар. Бір нәрсе анық, қазаққа не келсе де оқығандарынан келеді!

Akzhelen )): Досым деп жүрген адамыңыздан көңіліңіз қалған кез болды ма?

Бигелді Темір: Жоқ, менің достарым сенімге өте берік жандар! Қалдырсам мен қалдыруым мүмкін, өйткені, кейбір туысы бөлек, туысшыл жандардан жұғуы ықтимал.

Айнұр Жалиева: Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар. Соның біріншісі – Уақыт. Ал,сіз сол уақытыңызды қаншалықты тиімді пайдаланып жатырмын деп есептейсіз?

Бигелді Темір: «Ақырын жүрсең – сорың қуып жетеді, қатты жүрсең – сорыңды өзің қуып жетесің» деген, бөкендей желіп өткен дұрыс шығар. Ол жағынан енді ұяттымыз ).

Айнұр Жалиева: Кемшіліксіз адам болмайды. Сіздің кемшілігіңіз неде?

Бигелді Темір: Менің кемшілігім мінезде!

Айнұр Жалиева: Адамдармен тез достасу қаншалықты оңай немесе қиын?

Бигелді Темір: Достық дегеніміз – обьект-субьект қатынасындай. Яғни, Сіз-Біз қатынасы орнығып, бір-біріндегі кемшін, кетікті шартты-шартсыз толықтырып тұра алса – Дос, Достық дегеніміз меніңше сол. Ол да, бір әлем! Демек, Дос пен Достыққа да әркім лайықты болғанымен тұрақтап қалатыны санаулы келетіні содан болса керек. Абайдың «Досыңа достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» дегенін ескерсек бұл да бір есеп. Есебін білмек бір үлкен іс. Ал, оны дүниеауи, пайдакүнемдік бақай-есепке телу – Абайша адамдықтың гүлін, нұрын, достықтың шартын бұзады. Демек, оңай, қиын болмағы да осы жерден ажыратылса керек.

Айнұр Жалиева: Қандай жанрда кітап оқисыз?

Бигелді Темір: Әлбетте, Абайдан бастаймыз ғой )

 

Күннің нүктесі:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі. Төле би