Көңіл күнделігі. 14-ші жазба.

Көңіл күнделігі. 14-ші жазба.
жеке
блог

Соңғы күндер шым-шытырық оқиғалармен өрбіп, елеусіз өтіп барады. Елеусіз дейтінім тек, өзіме ғана қатысты болғандықтан ғана. Әйтпесе, жүйкеге түсер салмақты молырақ қамтыған сындарлы күндер ретінде тарихта қалдыруға болатын сыңайлы ). Енді ондайым жоқ, сондықтан әңгімені осымен қайырған да дұрыс. Расы сол, жұмыс та қауырт, уақыт та тапшы. Үлгеру керек! Осындайда ойлайсың – шынында, өмірдің мәні неде екен деп? Менің пәлсафамда өмірдің мәні – сүйе білу, сүйсіне білу, сүйікті бола білуде! Енді, мұнымен біреу келісер, келіспес – әр кәллада бір қиял. Массагетше, бес саусақ бірдей емес. Гумилев өз еңбектерінде: «Өмірдің мәні неде екенін шынымды айтсам білмеймін. Ал, менің өмірімнің мәні – өзім шексіз сүйген Азияның көшпелі халықтарының даңқын асырып, дәрежесін көтеру болды», - деп жазған екен. Дәл осы ойды жеке ісіме талғажау етсем, менің де өмірімнің мәні айқындалып қалатын шығар. Иә, солай!