Көңіл күнделігі. 11-ші жазба.

Көңіл күнделігі. 11-ші жазба.
жеке
блог

«Адамдар өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының жауапкершілігін мойнына алғысы келмейді. Оларға осы қалыптарына - біреуді, қоршаған ортаны, заманды, ағайын-туыстарын, әкімдерді, үкіметті, президентті, тіпті болмаса Жаратушыны кінәлау жеңіл. Олар өздерінің осы жағдайларын: «маңдайыма жазған тағдырдың жазуы» - деп ақталады, осы сенімді санасына сіңіріп, жүректеріне ұялатып алады. Осы құрдымнан шыға алмайтындарына мүлтіксіз сенеді. Ауруға, қайыршылық пен жоқшылыққа матап-шырмап қойған ойларды санасынан қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе, санасы мен қалауы біртіндеп денсаулыққа, молшылыққа, байлыққа қарай бет бұра бастайтынын сезбейді, білмейді». Рухани жетекшінің жазғандарынан.

Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Түскі асқа әдеттегідей Ж. ағамен бірге бардым. Берген тапсырысты қанағаттандырып, асқа енді отыра бергеніміз сол еді, ұялы телефоным безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған мүлде бейтаныс жан, жасы үлкен, ер адам екен. Сөйлесу мәдениетін ескере, асханадағы у–шуды артқа тастап сыртқа, аулаққа шықтым. Әңгімесі өте «маңызды», менің түр-тұлғам, болмыс-бітімім, тағдыр-талайыма толық болжамын жасап шықты. Не сенерімді, не сенбесімді білмеймін. Сәйкестік көп. Әңгіменің тоқетері, «пәлен күні, пәлен уақытта тікелей байланысқа шық!» деді. Не істеу керек? Екі ұдай сезімде қалдым. Болған оқиғаны, мәселені – Ж. аға мен жақын құрбымның талқысына салдым. Қызығушылық басым, «көрсек көрейік» дедік. Сақадай сай тұрып, таңғы 4-те тікелей байланысқа шықтым. Үздіксіз, екі сағаттық сеанс, әңгіме, сұхбат болды. Өте білімді, философ, ақкөңіл, ақжарқын кісі екен. Жайма-шуақ әңгімемен таңды атырдық. Жұмысқа келіп, әлдекімге телефон шалмақ болып едім, бірлігі минусқа кіріп кетіпті. Бір ай көлемінде кездесуге тиіс болғанбыз, «бойды тарта ұста» деген соң жолығудың сәті түспеді. Ол, кісі маған үздіксіз хаттар жазып тұрады, ал мен екі-үш айдан бері үнсізбін. Тақырыптар сан алуан, рухани байлыққа жетелейді. Мен, Сіздердің талқыларыңызға соңғы, кешегі күнгі келіп түскен хатын еш өзгертусіз, қаз-қалпында салғалы отырмын. Сонымен, бұл кісі кім? Сіздердің бастарыңыздан осындай, не осыған ұқсас оқиғалар өтті ме? Ары қарай не істеуге болады?  

 

/Kүнiне 1 доллар жинасаңыз, 30 жылда 2 млн доллар болады//

"Егер де сіз 40-50 жасқа толғанда қаржы тәуелсіздігіне қолыңыз жетпесе, онда сәтсіз елде тұрғаныңызды  және сәтсіз уақытта өмір сүріп жатқаныңызды білдірмейді. Бұл дегеніңіз - сіздің іс-әрекетіңіздің жоспарының дұрыс еместігінің көрсеткіші". Джим Рон

Сізде енді алдыңгы тараулардағы ақпараттарға сүйене отырып таңдау жасауыңызға толық мүмкіншілігіңіз бар.
1) өзініздің өміріңді өзгертем деген шешім қабылдап, есеп кұрылымының әдісін қолдана отырып ақша жинауыңызға болады.
2) Немесе ешқандай өзгеріссіз бәрін баз-баяғы қалпында қалдырыңыз.
Осы екі жағдайда да Сізге әйтеуір бір шешім қабылдау керек. Басқа жол жоқ. Мүмкін біреулерге алғашқы ақшаның көлемі ойындағыдай емес, түкке тұрмайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл жеміс ағаш өсіп шығатын зәулім ағаштың дәні ғой. Бір алмада қанша дән барын әркім де санай алады, бірақта осы дәндерден қанша алма пайда болатынын ешкім де айта алмайды ғой. Сондықтан, есептегенде шыққан сан - алғашкы дән.
Күнделікті аз-аздан ақшаны жинай берсеңіз, Сіз жақсы өмір сүре аласыз. Алғашқыда мардымсыз көрінер. Ал жинамасаңыз өзгермей өмір сүресіз. Жинай бастасаңыз біртіндеп көтеріліп, біраз уакыттан соң жоғарғы тұрмыс денгейіне жетесіз. Бұл жақсы көрсеткіш.
Тіпті ақшаны аздап жинағанның өзінде жағдайдыңызды өзгерте аласыз. Бодо Шеффер Сингапурда оқу өткізгенде, сабак біткеннен кейін біреу келіп: «Сіздін айтканыңыз маған ұнайды, бірақта менде жинайтын ақша жоқ. Табысым өлмес күніме азер жетеді», - деп қалтасынан шылымын алып шегеді.
Бодо Шеффер оған қарап тұрып: «Сіз шылым шегесіз бе?!». «Онсыз қалай болады», - деп жауап қайтарады әлгі адам. Сол кезде Бодо Шеффер оның 18 жасынан қазіргі 60-қа келгендегі аралықта темекіге кеткен ақшасын жинап сақтағанда не болатынын есептеп береді.
Күніне орташа 2 доллардан есептегенде нәтижесі 43 мың доллар болады.  Бірақ әлгі адам: «Менің темекі тартқаным артық», - дейді. Бодо Шеффер осы жиналатын ақшаның  жылдық қосылатын үстеме пайызын көрсетпегенін айтады. «Немене, бұған үстеме пайыз қосылып, ақша еселеніп арта ма?!», - дейді таңырқаған темекіші.
Бода Шеффер түсіндіреді. Егер ақшаны банкіге дұрыс салса, жыл сайын үстеме пайыз қосылып көбейеді. Ең жоғарғы үстеме пайыз соңғы бес жылда қосылушы еді. Сіз қалай ойлайсыз, егер әлгі адам жылдык 14%  өсіммен салғанда барлық ақшасы қанша болады? Ұсақ-түйегімен төрт жарым миллион доллар болар еді.
Егер Сіз  8% өсіммен күніне 1 доллардан жинасаңыз, мөлшермен 30 жылда 1,8 - 2 миллион доллар ақшаға ие боласыз. Адамдар әдетте күніне бір доллардан артык ақшаны шашады. Сондықтан аз ғана салып жинаған ақшаңыздың өзі жағдайыңызды өзгертеді. Бізге бұлай болу мүмкін емес сияқты көрінеді. Біз банкіге бірден 1000 $ салғанды ұнатамыз. 100 немесе 500 доллар үшін банкіге барып қажеті не, осы ақшаны үйде де сақтай аламын ғой.
Бірақта, аз ақшаның өзі жағдайды өзгертеді. Егер сенің көңіліңе қырык бес пайыз қонбаса, онда бұдан да көп табыс табасың, қырық бес пайызың да өседі.  500 доллардың 45% пайызы көп ақша емес, ал 5000 доллардын 45% пайызы қомақты қаржы. Егер осы қырық бес пайызыңнан артық ақша қалса, келешекке салған қаржыңды 15%, сонан соң 20%, 25%, 30%, 40%, 50% дейін өсіру керек. Бірақта, демалуға салған 10% қаржыға ешуақытта тиспеңіз, ақша есеп-шотта жатып өсе берсін.
Мысал, 10 мың доллардың 10% бұл - қомақты қаржы. Сіздің бүгінгі тіршілігіңіз осы. Денсаулығыңызға жұмсаңыз, бірақта жаңа мүмкіншіліктеріңізге шашпаңыз. Асқақ өмір сүріңіз, себебі көп тапқан сайын: сіздін ортаңыз өзгеріп, басқа адамдар пайда болады. Сізге басқаша киінуге, басқаша жүріп-тұруға, жақсы жерлерге баруыңызга тура келеді. әрине, шығыныңыз да көбейеді, бірак осыған дайын болыңыз.
Сондықтан, ақшаңыз көбейсе де 10% демалуға, көңіл көтеруге салған қаржыңыз жетеді. Біз бүгін өмір сүреміз, жақсы өмір сүріңіз, кей кездерде туған-туыстарыңызға қарайласыңыз. Бірақ та, 55% ақшаңызды үнемі жұмысыңызға (компания) салуды естен шығармай, тұрақты түрде салып отырыңыз. Аздап салғанда қанша болатынын өзініз есептеп көріңіз.