Массагеттіктер, сіздермен көкейіме еріксіз келіп, көзден жас болып шықпай тұрып алған,менің көңілімнің құлазуына әсерін тигізбей қоймаған, өмірде бір жанның басынан өткен жайтты айтып, бөліссем, расымен жеңілдеп қалатындаймын. Жақсы адамдар неге осы ұзақ өмір сүрмейді екен. Ана өмір сыйлап, кейін өзінің артынан ерген домалақтарын тастап кететіні жанға батады. Әрине, мәңгілік адам жоқ. Жетілдірдім, жеткіздім деген кезінде, шуағын шашқан аналарымыздан айырылып қалмайықшы. Сонда өмір сыйлаған аналарымыздың еңбегі ақталмай қалуда емес пе?!Әлде Алла бұл адамның жер басып жүргенін қаламайды ма екен. Бәлкім, оның да анасының армандары бар болған болар, ол немересінің маңдайын иіскеп отырудан бас тартты дейсіз бе?!Ғұмыр, қу ғұмыр...Оның өмірі не болды енді, интернет желесіне анасы о дүниелік болғаннан кейін «соңғы бірге түскен суретіміз» деп бірен-сараң тойда түскен суреттерін жіберіпті. (неге көзі тірісінде интернет парақшасында анасының суреттерін көре алмадық) Анасының одан да басқа суреттерін көріп, жүрегім ауырды, ол әлі бала ғой, қалай төзбек кезігетін қиындыққа. Оның анасын ешқашан көрмесем де, бұл кісінің өмірден озуы менің де жаныма батты. Оның қандай күйді басынан кешіргені көз алдымнан өте шықты, анасынан айырылу ауыр тиіп жүр ғой әрине, еріксіз мекенің ауыстырып, беті ауған жаққа кетті бәрінен алыстап...Сыйлайық, қадірлейік, бағалайық, құрметтейікші асыл да қымбатты аналарымызды!!!