1 жылдығыңмен Массагет!

1 жылдығыңмен Массагет!
жеке
блог

     Құрметті Массагет ұжымы, Массагет сайты, сіздерді Массагеттің 1 жылдығымен құттықтаймын! Массагет сайтымен жұмыс жасаушыларға, блоггерлерге көптен-көп рахмет айтамын. Мен Массагетке кіргелі бері одан көп мағлұматтар, жаңалықтар, рухани жағынан байытатын жазбаларды алдым. Осы сайтқа 1 күн кірмесем тұра алмаймын, әйтеуір уақыт табамын. Массагеттің ашылғанына аз уақыт болса да, алға қарай дамуы өте жақсы деуге болады. Массагетте барлығы қазақша, мазмұнды, қызықты, мағыналы.

     Мен Массагет арқылы білмегенімді білдім. Өзімнің сауатымды арттырдым. Сайттың да аты әдемі "Массагет" деген.Қазақ елінің тарихы, сақ тайпасының атымен аталған.

     Массагетке аз болса да 1 шумақ өлеңімді арнасам деймін)

                                   Сайтқа шын жүректен рақметім мол,

                                   Әрқашан сайттардың алды бол!

                                   Қазақ тілді сайт бұл - Массагет,

                                   Әйгілі, әлемдік деңгейге жет! 

    Массагет ұжымына шығармашылық табыс, биік-биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!

Т/б:Ұлсара Елубаева