Коньки тебуге шығамыз

Коньки тебуге шығамыз
жеке
блог

 

Алдыңғы күні 5 бала жиналып, «Медеуге» барып сырғанап келдік. Очм, өте жақсы демалыс болды! Келер айда өз конькиімді алдырмасам, жалға беретін конькилер ұнамаса да, тебуге тура келді. )))
Алла қаласа, осы жұма не сенбі тағы да жиналып барамыз.
Шығын:400 тг (чоколайф купонымен) — Медеуге кіру үшін. Студенттік билетпен. 80 метроға, №6 автобусқа 80 тг — 160 тг бір бағыт.1000 тг — 2 сағатқа конькиді жалға аласыз.Кері 5 бала — 2000 тг такси метроға дейін, метромен үйге келдік — 2400 тг. Барлығын есептей келе, әр бала шамамен 2 000 тг шығындалдық. Есесіне, таза ауа, тау баурайы және Медеу! Шыны керек, өкпе тез шаршайтын болыпты, тұрақты барып отыру керек.Кофе — 120 тг )))

Қыс та келді. Енді үнемі коньки тебуге барып тұруға болады. Мұз қатпаған кездері спорт кешендеріне барып тебуге көп ақша кететін. Күнде бірнеше сағат теуіп, одан соң тамақтанып алуға шығындалып қалуға болады. Қазір өзеннің үсті немесе арнайы корттарға барып өз конькиіңізбен тегін қанша сағат болса да сырғанай беруге болады.

— деп, өткен жылы өз үйім, өлең төсегімде тұрып жатқанда, керекшілердің ортасында жазыппын.
Арқаның аязы, нағыз аяз. Себебі, Астана әлемдегі ең суық Ұланбатырдан кейінгі екінші астана.
Жалпы, коньки тепкен қызық қой. Дене алғашқы күндері шаршайды. Әсіресе сан бұлшық еттері сіресіп, буындар ауырады бастапқыда. Сондықтан, алғашқы күндері айдында үзіліс жасап демалып отырған дұрыс. 
Конькиге кішкентай балаларды үнемі апарып отырған жақсы деп жататын: шыдамдылық, жылдамдық, денедегі зат алмасу процессіне әсер етіп, дем алу жолдарын ашады. Артық салмақ қосылып кетпеуіне де пайдасы бар. 
Конькиден бұрын роликте жүру бұйырды. Ол мектепке кірмеген кез болатын. Сосын қыста коньки теуіп көру қызық болды. Айырмашылығы жоқ сияқты, тек коньки жеңіл әрі бұрылыстары, тормоз жасау жағы роликке қарағанда өте тез. 
Конькидің хоккейге (астыңғы темірі сүйірленіп келген екі шеті), мәнерлеп сырғанауға (астыңғы темірінің алдыңғы жағы бұдырланған, тоқтау үшін, кейде сол ұшында тұрып айналады, артқы жағы түртбұрышталып келеді), алыс қашықтыққа жүгіруге арналған (астыңғы темірі ұзын, беговые норвеги) түрлері болады. Қарапайым қызығушылар арасында көбіне ерлер хоккей конькиінде, ал қыздар мәнерлеп сырғанау конькиінде сырғанайды. 

Жүгіру конькиі



Жүгіру конькиі

Хоккей конькиі

Хоккей конькиі





Мәнерлеп сырғанау конькилері

Ең алғашында мәнерлеп сырғанауға арналған коньки болды, онымен түрлі трюктер жасауға болады екен. Бірақ, жылдамдығы аз. Кейін хоккейдікіне көштім. Оның жылдамдығы жақсы, бірақ фигурный конькидікіндей трюктер жасауға келмейді, есесіне экстремал бұрылыстар мен тоқтау жағы өте тамаша орындалады. Норвег конькиде көпшілік орында тебу қауіпті сияқты.
Коньки тебуді үйренудің көп тәсілдері бар екен интернетте. Бірақ өзім мұздың үстінде балалармен жарысып жүріп үйреніп кеттім. Коньки тебуге барғанда, жақсы тебетін балалардың жасайтынын үйренгіңіз келсе, тұрақты кортқа барып тұру керек сияқты. Аяқта тұрып үйренген соң, орташа жылдамдықпен сырғанай беру ұзақ уақытқа, денені шынықтырыу үшін. Шыныққан денемен түрлі бұрылыстар мен трюктерді орындап кетуге болады. Сырғанап келіп, кедергіден секіру, кедергі неғұрлым сәл биіктеу болған жақсы, шамамен тізеден келетін, сосын ақырын ақырын секіру барысында айналып кету, жерге түскенде артпен түсуге тырысу нәтижесінде, тормоз беру сәтті шығады әрі оны үйрену тездетіледі. Барлығы өз кезегімен бола береді. Дене шаршағанда трюк жасаймын деп көбі құлап қалады. Әйтпесе, кейбір адамдар құлаудан қорқады (барлығы құлап-құлап үйренді ғой), құлаған соң жатып алады. Ондай кезде, дереу орнынан тұрып кету керек, ештеңе болмағандай. Тормоз берудің сәтті шығуы да, артпен жүрудің жақсы орындалуы да, бұрылыстағы әдемі көріністердің барлығы алға қарай жақсы жүрумен жұмыс жасаған соң өзі шығатын сияқты.

Қызығушылық танытсаңыз, ютюбке кіріп қайтыңыз. :)