Конфуцийшілдік
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 1-ші курс студенті Далбагаева Аружан
Жетекшісы аға оқытушы Тунгатова У.А
Конфуцийшiлдiк дінін Кун-фу-цзы (б.з.б. 551-479 жж.) негiзiн қалаған және бiрқатар елдердiң дiни жүйелерiне енген этикалық философиялық ілім.
Конфуций iлiмi, Конфуций ата-баба аруағына табыну, жер культi, ежелгi қытайлыктардың жоғарғы құдайы - Шан-диге табыну сиякты көне нанымдарды өзiне кабылдады. Кейінірек Шан-ди жер бетіндегі барлық тiршiлiктiң тағдырын анықтайтын жоғарғы кудайышылық күш ретіндегі Көк аспанмен ассоцияциаланды. Конфуций көне - "алтын ғасыр" даналығының қорушысы ретiнде керiнедi. Ол ел билеушiлерге жоғалтқан беделдi кайтарып, халық өмірін жаксартып, оны бақытты етуге талпынды. Ол көне заман даналары мемлекеттiк құрылымдарды әрбiр жеке адамның мудделерiн корғау ушiн қалыптастырған деген көзқарасты негізге алады.
Конфуций пiкiрлерi көрініс тапқан «Луньюй» жинағында (оның шәкірттерімен әңгіме-сухбаттары жазылған еңбек) жетiлген адам идеясы (цзюнь цзы) ашылады, өзіндік құндылық ретiнде адами тұлға қарастырылады. Конфуций ғарышпен үйлесiмдiлiкте болатын рухани кемелденген тулга деңгейіне жету максатында жетiлген адам бағдарламасын жасады. Ол iшкi жүрек әрекеті мен сыртқы iс-кимылдың тұтастығының көрінісі. Оның мақсаты ғарышта орын алған уйлесiмдiлiк заңына сай, әлеуметтi қайта құру, барлық тіршілікті тәртіпке келтіріп, сактау.
Конфуцийшілдік элита өзін абсолютті білімнің иегері деп санайды, ал ең алдымен даосизмнен нәр алған халықтың синкретті нанымдары дін бұзарлық және дөрекі ырымшылдық ретiнде карастырылады. Мемлекет жогарғы дiни институтка айналып, ресми культтер жүйесі тиянақталған сипатқа ие болган ортодоксальді шенеуніктік сословие арасындағы жiк алшақтай түстi. Бул Конфуцийдi бiртiндеп кудайдай дәріптеуге ықпал етті. Бұл әр калада көне данышпанға арнап храмдар орнату және оған бағыштап құрбандық шалу туралы 555 ж. император жарлығынан басталды. Аспан улы қоғамның әлеуметтік пирамидасының ең билiгiнде тұрғандықтан, жоғары абыз және кемелдiлiк көрiнiсi болып саналады. Адам көзін алатын, салтанатты Аспанға табыну рәсiмдерi (оларды орындау тек императордын құқы), сыртқы көздеген таса және құпияға толы сарай емiрi қол астындағылардың бағыныштылығы мен жағымпаздылығының туындауына ықпал етті. Конфуций ілімі негізінен ата-ананы, үлкендерді және ата-бабаларды құрметтеуге бағытталған. Ол сондай-ақ адамдар «оқуды ешқашан тоқтата алмайды» деп үйретті; білімнің шексіз екенін білдіреді, сондықтан біз әрқашан үйренеміз, ешқашан тоқтамаймыз. Мысалы, ол бірде жеті жасар баладан мұғалім болуды өтінді, өйткені бала өзі білмейтін нәрсені біледі. Императорлық билік рәмізі кұдiреттi де күштi жануар Айдаһар да адамдарға қорқыныш пен үрей ұялатты.
Конфуций пiкiрлерi көрініс тапқан «Луньюй» жинағында (онын шәкірттерімен әңгіме-сухбаттары жазылган енбек) жетiлген адам идеясы (цзюнь цзы) ашылады, адами тұлға өзіндік құндылық ретiнде қарастырылады. Конфуций ғарышпен үйлесiмдiлiкте болатын рухани кемелденген тулга деңгейіне жету максатында жетiлген адам бағдарламасын жасады. Ол iшкi жүрек әрекеті мен сыртқы iс-кимылдың тұтастығының көрінісі.