Конференциялардан не үйренуге болады?

 

Қазір Алматы болсын, Астана болсын, Атырау болсын бар қалаларда ар мамандыққа қатыстыты конференциялар жиі болып тұрады. Бармаған адамдардар кейде осы көп конференцияның пайдасы не деп те жатады, сондықтан да конференция мен көрмеген көп барған адам ретінде өз ойыммен бөліссем деп ем... 

Жалпы өз жұмысыңа, қызығушылығыңа қатысты өткен шаралардан мейлінше қалмауға тырысу керек. Себебі, бір нәрсені түбегейлі үйреніп қайтпасаңда біраз нәрсенің, жаңа идеялардан бір нәрсе үйреніп қайтасың. Өзіңді оқуға, жаңа нәрсені үйренуге итермелейсің. Мен мысалы IT мен интернетке қатысты кез-келген көрме, конференция, жиын, той ештемеден қалмауға тырысам. Себебі осы салада өмір сүріп, осы саладан нан тауып жеп отырмын. 

Сонымен, "+"тары: 

1. Өздеріңіз байқағандай, қазіргі қоғам көбіне таныстардан тұрады. Сондықтан да, әр конференцияға барған сайын кемінде жаңа 1-3 адаммен танысып әлеуметтік желіде танысып араласып достасыңыз. Иа, иа, ол сізге көмегі тимесе де сіз оны жиі көріп жүру арқылы таныс жақыныңызға айналып кетеді және ол да басқа бір шара ұйымдастыру кезінде сізді шақырады, жаңалықтармен сізбен бөлісе алады. 

2. Программаны жақсылап қарап шығып, өзіңізге маңызды, сізге қатысты деген тақырыптарды таңдап алып соған барыңыз. Әр тыңдалымнан кемінде 1-5 жаңа ақпарат алып шығатыныңызға сенімдімін.

3. Қатыссқан сессияларыңызды мұқият тыңдаңыз, себебі ол жерде статистика, болашақ болжамдар, және нақты шешімдер сандар арқылы көрсетілуі мүмкін. 

4. аталған цифрларды блакнотыңызға жазып отырыңыз, себебі сіз сол салада жүргендіктен бұл ақпарат сізге де қажеті тиіп жатады.

5. Естіген ақпаратыңызды әлеуметтік желілерде бөлісуге тырысыңыз, есесіне ақпарат өз бетшеңізде сақталады әрі сіздің салаластарыңыз сізді маңызды ақпарат үшін оқып + сізді тани бастайды

6. Жаңа программалар мен құрылғыларды үйреткен кезде видеоға не суретке түсіріп жазып алыңыз, қажет болса түсіндірген маманның контактісін алып алыңыз, қажеті болған кезде "мен осылай сізді конференцияда тыңдап ем, маған көмегіңіз қажет" десеңіз қуана көмектеседі. 

7. Көрмелер мен конференциялар да міндетті түрде байқаулар болады, ұялмай әр байқауға қатысуға тырысыңыз. Тек пайдалы ақпарат емес қажетті затта ұтып алуыңызда мүмкін. 

8. Көрмеге барған кезде әр компанияның естелік сыйлықтарыда өздеріңізге қалады.

9. Презентация жасап, адам назарын өзіңізге назар аударып, сізді тыңдатуды үйренесіз

10. Көп-көп достар табасыз 

   "-" тары: 
1. уақытыңыз кетеді, бірақ бұл жаңа білімге кеткен уақытты "-" қа жатқызуға болмайтын шығар иа. 

2. Жарнама. Иа, әр компания, әр адам өз кормеге конференцияға қатысқан кезде өз компаниясының өзінің жарнамасы үшін қатысады. Бірақ, жарнаманың да пайдалысы болатынын ескеріңіз.

Ал егер, сізді өз мамандығыңызға, қызығушылығыңызға қатысты курстарға шақырса қуана барыңыз. Себебі, ол жерде сізге универде үйретпеген нәрсені тәжірбиеден өткізген адамдар сізге өздері жіберген қателіктеріне шейін көрсетіп талдап береді. Осыдан табысқа жетуге бола ма деп ойламаңыз, себебі олардың бәрі табысқа жеткесін жүргенін ұмытпаңыз. 

 



Бөлісу: