Көне заман нақылы
жеке
блог
блог
- Қанағатшыл бол. Яғни, күйеуіңнің әкелген азық-түлік, киім-кешегін разылықпен қабылда. Өйткені қанағат жүрекке рақат сезімін ұялатады.
- Айтылған сөздерді әрдайым ықыласты тыңда және оған бойұсын. Өмірлік жолдасыңа қарсы келмей, онымен пікірлес және ынтымақты бол. Бұндай қылығыңмен Алланың разылығына ие боласың.
- Өмірлік жолдасыңның көзі түсуі мүмкін нәрселерге зер салып, ісіңді ұқыпты ұста, оның көзі ешқашан жайсыз нәрсеге түспесін.
- Жаман иісі шығуы мүмкін нәрселерге зер салып, көңіл бөл. Оларды тауып, тазала. Үйіңнен әрқашан хош иіс шығып тұрсын.
- Тазалық суға байланысты. Барлық нәрсе сумен тазаланады. Таза бол!
- Еріңнің тамақтану, ұйықтау уақытына көңіл бөл. Тамақты оның әдеті бойынша әзірле. Өйткені аштық ашу шақырады, ұйқысыздық қапаландырады.
- Еріңнің жақындарына жақсы мәміледе бол. Ол сенің жақсы әйел екеніңді көрсетеді.
- Еріңнің сырын ешкімге айтушы болма. Егер ол біреуден еститін болса, ренжиді, өзіңе опасыздық жасауға себеп болады.
- Еріңді құрметте, сөз қайтарып, қарсы шықпа. Қарсы келіп, дау шығарсаң, өзіңе дұшпан сияқты әрекет етуіне себепші боласың.
- Еріңнің көңілі түсіп, қамкөңіл болып отырса, сен қуанышты жүрме, оның уайым-қайғысына ортақтасып, сондай көңілде болуға тырыс.
Көне заман нақылы