Көне түркілердің таңба дәстүрі: тарих және сабақтастық

Көне түркі мемлекеттілігінің ажырамас бөлігі болып саналатын байырғы түріктердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын ұдайы аударып келеді. Алайда ұлан-ғайыр Еуразия даласындағы түрік тілді халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу əліде жасала қойған жоқ.

Жалпы, таңбаларды зерттеу арқылы түркі халықтарының мемлекеттілік мәселесіндегі шешімін таппаған күрделі тақырыптың күрмеуін шешу ісінде оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан территориясынан 200 тарихи орыннан, 500-ге тарта таңбаға қатысы бар петроглифтер табылған. Осылардың негізінде таңбаның 36 түрі белгілі болып отыр.

Көшпелілер қоғамындағы таңба дәстүрі ежелгі дәуірлерде пайда болып, ортағасырларда жетілу үрдісін бастан кешіріп, бүгінде мемекеттік билік символдарының алтын қазығына айналғандығы белгілі. Әрбір мемлекеттегі жоғары биліктің әлеуметтік-мәдени табиғаты және өзіндік символдары болады. Мемлекеттің осы бір мәдени-тарихи өзгешілігі мемлекеттік символиканың атрибуттары-елтаңба, ту және мөрлер тарихынан көрінеді. Бүгінде Мемлекеттік рәміздер –Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісіболып отырса, оның бастауы көне түркілердегі таңба дәстүрінен басталады.

Көне түркілердегі таңба дәстүрінің тарихын зерттеу ісінде жартастағы суреттердің алар орны ерекше.Таңбалы тас ескерткішінің көне заман мұрасы екендігін жазған автор М.Ж.Көпейұлы. Ә.Марғұлан еңбектеріне қарасақ Таңбалы тастың сырын алғаш ашқан ресейлік ғалым А.И.Шренк. А.И.Шренк 1842-1843 жж. Бетпақдалада жүргізген зерттеулері нәтижесінде таңбалы тас хронологиясын оғыздар кезеңіне жатқызады. Н.И. Гродеков қазақ тарихнамасында маңызды терең зерттеулер жүргізу арқылы таңбаларды жүйелеген. Таңба мәселесінің зерттелуі туралы айтқанда М.Тынышбаевтың жинақтап, жариялаған таңбалар кестесі аса құнды болып табылады. Ол Н.И.Гродеков жасаған қазақ ру-тайпаларының тізімін толықтырған. «Таңбалы тасқа» қатысты алғаш зерттеу жұмысын жүргізген Ә.Марғұлан оның қасиетті мекен екендігін жазып қалдырған. Ғалым тек осы «Таңбалы тас» ескерткішінің өзінде ғана бес жүзден астам қазақ таңбасы бейнеленген деген пікір айтады.

Бүгінде кеңінен танымал болып жүрген, дегенмен ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелмеген таңбаларды толыққанды талдау жасау үшін барлық деректемелерді топтастырып, жүйелеу, жаңа ізденістер жасау қажет.

Жалпы, таңба – бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. Бүгінде қолданыста жүрген «Герб» (ел­ таңба) термині неміс сөзінен аударғанда «мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады.«Таңба» сөзі түркі тілдес халықтар мен кавказдықтарда, қырғыздарда, әзірбайжандарда жалпы түркі тілдес халықтардың басым бөлігінде кездеседі. Бұл сөзді кабардиндіктерде «дамыгъе», адыгейлер «тамыгъа», абаздар «дамыгъа», абхаздар «адамыг» деп атаса, орыс әдебиетінде ол «тавро», «тамга» деп жазылады. Қырғыз тілінде де «там»  тұтану,  от алу деген ойларды береді. Әзірбайжанша «дамға», қазақ тілінде де «тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі.Таңба сөзінің этимологиясы таң-таңғалу, білу, жұмбақ немесе құпияны шешу дегенді білдіреді . Бұл сөздің түбірі-таны да болуы мүмкін яғни білу шешу дегенді білдіреді.

Көне түркі таңбаларындағы әрбір геометриялық сызық ерекше тарихи маңызға ие және ол нақты жүйе болып табылады. Сыртқы пішіні қарапайым көне түркі таңбаларының ішкі сырын анықтау үшін әсіресе ортағасырлық түріктердің таңба қолданыс жүйесін семиотикалық тұрғыдан талдауда барлығына ортақ әрі оңтайлы тәсілді ойластыру қажет. Онда бүгінгі методикалық жетістіктер мен оның айдан-анық кейбір кемшіліктерін ескере отырып, жан-жақты сұрыпталған жолдарын қарастырған жөн.

Ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де  қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілді. Таңбалар әсіресе, әкімшілік басқару жүйесінде, сыртқы саяси және басқа да мемлекет істерінде қолданыста болғандықтан, бірегей қызмет атқарды.

Қазақстан территориясында таңбалардың пайда болу хронологиясы мен даму эволюциясы Мұғалжар тауы, Жем өзенінің бастауы Төлеубұлақтағы үңгірлерден табылған үңгі іспетті символикалық белгілердің хронологиясы шамамен неолит дәуіріне тән. Үңгірдегі тамшы секілді символикалық белгілер әртүрлі ғұрыптық жоралғыларда осы өңірді мекен еткен адамдар тарапынан қолданылған. Сонымен қатар бұл белгілер осы жерді мекендеген халықтың меншіктігін көрсетеді. Көне түркілердегі таңба дәстүрінің тарихын зерттеу ісініде жартастағы суреттердің алар орны ерекше. Қазақстанның қола дәуіріндегі жартас суреттерінің негізгі шоғырына Жетісу, Орталық Қазақстан, Каспий өңірі және Алтай аймағы жатады.  Жалпы петроглифтер ұлан байтақ қазақ даласының барлық аймақтарында кездескенімен олардың барлығы зерттеліп, ғылыми айналымға түспеген.  Қазіргі археология ғылымы қазақ территориясында тіршіліктің палеолит заманында басталғандығын және олардың мерзімделуі Африканың солтүстігі мен Азия құрлығының түрлі аймақтарымен тең келетіндігін айтады.  Тарихи дәуірлер мен кезеңдер келесі сатыға өткен тұста жартасқа сурет салу техникасы мен тақырыптары да өзгерістерге яғни эволюцияға ұшырап отырған. Бұлар негізінен қашамалы, егемелі және боямалы болып бөлінеді.

Жалпы, таңба ұғымының бастапқы мағынасы «ойлап табу, тану» дегенді білдіріп, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани астары қат-қабат қызмет атқарған. Келе-келе түрлі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайдың ыңғайына қарай ілкі «құпиясы» ұмытылып, қосалқы ру-тайпа таңбасына, символдық белгіге ауысқан. Бертін келе таңба мал-мүліктің тиесілі қожайын-иесін аңғартатын мағына үстеген. Таңбадан қазақ тіліндегі «теңге», «тамғашы, таңбашы» ұғымдары пайда болды. Көшпелі түріктердің мәдени ықпалы кезінде көрші елдерге кең тараған «теңге, танга, деньги», «тамғашы-таможня» сөздері славян тілінің акустикалық-артикулляциялық ерекшелігіне сәйкес бейімделіп, сөздік  қорына әбден орныққан.

Тамға кодталған графикалық ақпарат, онда прототүркілердің ежелгі философиясы жатыр, ал оның мағынасын табиғаттың заңын, логиканы пайдалана отырып шешу керек. Ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де  қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілді. Таңбалар әсіресе, әкімшілік басқару жүйесінде, сыртқы саяси және басқа да мемлекет істерінде қолданыста болғандықтан, бірегей қызмет атқарды.

Көне түркі таңбалары мен белгілерінің қазірге дейінгі дамуында бірнеше деңгейлері бар: Түркі елінің ең жоғарғы билеушілері-қаған, йабғу, шад, тегіндердің елтаңбасы, одан кейін-чұр, тархан, бек және басқада билік тұлғаларының таңбалары, сонымен қатар ру-тайпа одақтарының эмблемалары; жеке тұлғалық және аталық отбасының таңбалары «жеке тұлғалық, жылқы, малға салынатын ен бәлегілер болды.

Көне түркі нумизматикалық кешенінің маңыздылығын аталмыш топтар таңба белгілерінің хронологиялық анықтамалары мен сәйкестіктері негізінде бағамдау қиынға соғады.

Көне түркі мәдениетінің шоғыры мен мол таңбалы ескерткіштері қазіргі Моңғолия жерінен анықталғандықтан, таңбалар табиғатын айқындауда  осы жердің тарихына назар аудару маңызды.

Көне түркі этномәдени ерекшеліктерінің ішінде «қаған әулетінің таңбасы» деп аталатын ерекше бітімді таңбаның маңызы ерекше. Ол-тау ешкінің арқа жонында түзу сызық салған кескінді таңба сурет. Ол тарихи әдебиеттерде ашина әулетінің геральдикалық белгісі деп аталады.

Көне түркілердегі таңба дәстүрінде мүйізді жануар бейнесі өте жиі кездеседі. Ал дүниежүзілік мәдениетте мүйіз өте көне заманнан бері семантикалық маңызға ие таңба болып табылады.  Ол құдірет пен жүректіліктің, өсіп-өну мен жоғары биліктің, ежелгі Құдайлар мен басқарушылардың, дін қызметкерлері мен бақсы, батырлар мен жауынгерлердің ажырамас атрибуты болып табылған. Мүйіз жоғары жауынгерлік рух пен тылсым күшті бейнелеумен қатар, өркендеудің рәмізі ретінде қабылданған. Қазақ ұғымындағы «мүйізі қарағайдай» деген ұғым үлкен мәртебе дәрежесін білдіру үшін айтылса, «мүйізін қағып алу» сындыру, жеңу мағынасын білдіретіндігі барлығымызға мәлім.  Палеолит дәуірінде мүйіз бейнесін адамдар өз шығармашылықтарында эстетикалық тұрғыдан емес, сиқырлық-магиялық тұрғыдан қарастырған.  Осыған орай олар қажеттілік сферасынан бостандық, күш алу сферасына қадам жасаған. Адамға сиқырлық әлем мүмкіндіктерді шешуге, өмірде жоғары дәрежелік сиқырлық өнерді үйренуге бағыттаған

Қазақстан территориясында таңбалардың пайда болу хронологиясы мен даму эволюциясы Мұғалжар тауы, Жем өзенінің бастауы Төлеу бұлақтағы үңгірлерден табылған үңгі іспетті символикалық белгілердің хронологиясы шамамен неолит дәуіріне тән. Қазіргі археология ғылымы қазақ территориясында тіршіліктің тас ғасырында басталғандығын және олардың мерзімделуі Африканың солтүстігі мен Азия құрлығының түрлі аймақтарымен тең келетіндігін айтады. Мысалы, Катонқарағай ауданы, Маралды ауылының іргесінен табылған «Бес саусақ» деп аталатын қасиетті орында жергілікті халық әулиенің қолы деп құрметтейтін орын бар. Онда адамның оң қолының бес саусағының бедері бейнеленген. Оның тарихи маңызы ол Африка, Австралия мен Океанияның көптеген халықтарындағы саусақ таңбасын қалдыру үрдісімен сәйкес келеді.

Қазіргі Қазақстан аума­ғында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді.Ежелгі темір дәуіріндегі мемлекеттік-экономикалық қатынастарында өндірістердің көшпелі шаруашылық тәсілдері кең жайыла бастады, ал қоғамдық қатынастарда мүліктік-дәрежелік айырмашылықтар пайда болды. Демек, мүліктік-дәрежелік айырмашылықтардың күшеюі, қоғамның әлеуметтік құрылысында жайылым жерді кеңейту, қайтадан бөлшектеу, байлықты молайтуды тұрақты көздеген әскери ақсүйектердің одақтастығы басты қызмет атқарғаны ерекше байқалады. Егер Ордостан Карпат тауы, Қара теңіздің солтүстігіне дейінгі Еуразияның кең байтақ даласындағы көшпелі мемлекеттердің өзара саяси-әлеуметтік, экономикалық және этномәдени ұқсастықтары болды десек, онда б.з.д. І м.ж. бойы ғұн-сармат дәуірінде таңба дәстүрінің даму кезеңдеріндендегі әр түрлі даму сатыларындағы өзгерістер мен жаңарулар барысында алуан түрлі таңбалар мен символдар қолданылды.«Сарматтық» мәдениет өкілдерінің таңба-белгілерінің жүйесі туралы әсіресе Қара теңіздің солтүстік аумағындағы әйгілі ескерткіштерінің таңбалары мен белгілерін топтастырып талдаған еңбектер баршылық. Бұл еңбектерде таңбалардың шығу тегі мен қызметтері, мән-мағынасы туралы түрлі тұжырымдар топтастырылыған

Тарихнамалық кезеңнің келесі кезеңіндегі А.Х.Марғұланның орны ерекше. Ол 1946 жылдан бастап Бетпақдаладан бастап Ұлытау және Қарқаралы жерлерінде далалық барлау жұмыстарын жүргізіп, Орталық Қазақстанда ортағасырларда тек көшпелі мәдениет қана емес отырықшы, қала мәдениетінің болғандығын дәлелдеп шықты. Ұлытау бөктеріндегі Нұра және Сарысу өзендері бойында ортағасырлық елді-мекендер мен қалалар қалдықтарын тауып, олардың ірі сауда-экономикалық маңызы болғандығын жазды. 1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрамында М.К.Қадырбаев бастаған отряд өз жұмысын бастады.  Осы жұмыс тобы 1966 жылы «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты құнды еңбек жарық көрді.

ХХ ғасырдағы зерттеушілердің еңбектерінде көшпелілердегі билік мәселесі әртүрлі қырынан қарастырылғанымен, көпшілігі жеке мәселелер төңірегінде топталумен ерекшеленді. Алайда, биліктің негізгі символы болып табылатын таңба дәстүрі толық қарастырылмады. ХХ ғасырдың 60-70-жылдары  зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерінде ежелгі түркілердегі таңба дәстүріне тарихнамалық талдау жасалған жоқ. Бұл еңбектер негізінен кеңестік кезеңдегі таптық идеология тұрғысынан жазылғандықтан ондағы берілген тарихнамалық қорытындылар мен тұжырымдарды қазіргі күнде өзекті деп айта алмаймыз.

әл – Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

4-курс сутденті Рыскелді А.Е.



Бөлісу: