Қонақ өз уақытымен қайтқаны жөн

Қонақ өз уақытымен қайтқаны жөн

Бір адам өз танысының үйіне қонаққа келеді. Кездескендеріне қатты қуанған қонақ пен үй иесі төс қағыстыра көрісіп, өз қуаныштарын қалай жеткізерге білмей, денсаулық, қатын-бала, мал-жан амандығын сұраса бастайды.

Үй иелері қонақтың аяқ астына қызылды-жасылды ленталар тастап, үй иелерін қайдан есіне алып, қалай жолы түсіп келгенін сұрап, мәре-сәре болады.

- Ал, қатын, қонаққа төсек сал, тауық бауызда, шарап әкел, кофе қайнат, түстік әзірле, - деп нұсқаулар береді үй иесі әйеліне.

Әйелі қонақтың астына раушан гүлдерімен безендірілген арцах кілемін, кілем үстіне қалың төсеніш, оның үстіне көрпе төсеп, қолтығына құс жастық береді.

Бір күн өткен соң үй иелері құс жастықты алып тастайды, екі күннен соң – көрпені, үш күннен соң – төсенішті жинап тастайды. Төртінші күні қонақ үй иелерімен қоштасып, жолға жинала бастайды.

Үй иелері:

- Бізден неге мұнша ерте кетіп барасың, не боп қалды, не жақпады, кім сені ренжітті? Кетпе, тағы бірер күн қалсаңшы, - деп сұрайды.

Қонақ былай деп жауап қайырады:

- Сіздер маған еш жамандық жасаған жоқсыздар, ал мен ерте кетіп бара жатқан жоқпын. Мен сіздер жастықты алып тастаған кезде-ақ кетуім керек еді.

(Армян ертегісі)



Бөлісу: