Комплекссіз өмір сүргіңіз келе ма?

Зерттеу  нәтижесіне  сәйкес, кішкене  күнінде  әке-шешесінен  мақтан  сөз  көп естімеген  бала өскен  де  ұялшақ  болады  екен. Сол  үшін  кіші  іні-қарындастарымыз  болса  еркелетіп, маңдайынан   иіскеп  қоюды ұмытпайық  және төмендегі  комплекссіз  өмір  сүрудің  қарапайым  8 ережесін  ескерейік.

 1.  Шығармашылықпен айналысыңыз. Әсемдікті   қолымызбен жасау арқылы өзімізді бағалайтын боламыз. Ол  міндетті түрде  эмоция  қатысып жүзеге асатын іс болуы тиіс. Мысалы, сурет салу, мүсін өнері, тамақ жасау, киім тігу және т.б.

 2.  Өзгелер туралы да ойла. Өз бойымыздан кемшілік іздей бергенше, өмірде шын мәнінде жолы болмай жүргендерге көмектескеніміз жөн болар. Ол жан сүйікті құрбыңыз да болуы мүмкін. Егер оның киімді талғамсыз  киінетінін көрсеңіз, жақсы киімдерді таңдауға көмектесіңіз.

 3.  Өзіңді бағала. Атақты сәнбике немесе спортсмен болмадым деп қаймықпаңыз. Жақсы дос, қызықты жұмыс табу үшін бұл маңызды емес. Жер әлемді аузына қаратқан ханшайым боламын деген ойды шетке ысырып, қателесуге мүмкіндік  беріңіз. Барлық жетістіктеріңіздің тізімін жасап, ұйықтар алдында оларды оқып сүйсініңіз.

 4.  Жаңа киім сатып алып, биге жазылыңыз. Энергияға толы ырғақтың арқасында барлығын  да ұмытып кетесіз.

 5.  Еңсеңізді  көтеріңіз. Адам  бойын тік ұстаған кезде өзіне деген  сенімділігі  де артады.  Ал бүкірейіп жүретін адам өзінен қашуға  мәжбүрлейді.

 6.  Өзіңізді күтіңіз. Тек ең әдемі деген киімдеріңізді киіңіз. Тартымдылығыңызбен бірге бойыңызға деген  сенімділік  те  оралады.

 

 

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: