Көмектесші, "Массагет"
блог
«Массагет», өзіңе жазғалы отырған алғашқы жазбам! Сенде көптеген жастардың жыры, сыры жазылып жүр. Меніңде алақандай жүрегімнің бір сырын, ұқса өзің ұғар деп отырмын. Келе сала, көмек күтпеймін! Сен арқылы СЕЗІМІМДІ жеткізбекпін! Бұрынырақта мен ғашықтығымды дәлелдеп тұрып, тізесінде отырғанда едім! Отбасы жылулығын көрмей өстім, Алладан жасырмаған соң, адамнан жасырып қайтейін.Олда білген. Барымның тек өзі екенін де білген. Досым болып жанымда да жүрген. Сезімімді сезгеннен кейін, ұшқан құстай жоғалып кетті. Алыстаған сайын, күлімдеп тұратын кербез келбеті санамнан бір сәтке жоғалмады. Елесі жақындай түсті. Бұл мені одан сайын масайтқан болар, жолын торып, жолын бөгеп алатынды шығардым. Бұрынғы әдемі күлкісін қашырдым мұнымен, менен қорқатын болды. Еркелігі мен назы бойында тұңған махаббатымның бүгінде жүрегі қатты. Білем, ол тек маған қатты! Ал, білетінімдей бала десе жанын беретін, алдындағы барша адамға күліп қана қарайтын мінезіне қарап, таң қалып жүретінмін «Осы қыз ашулана алады ма?» деп. Білемін, менікі қате! Мүмкін, туғанымдай қамқоршымды көрдім бе? Мүмкін, тегін танымайтын жігітке жүрегі бұрмаған шығар! Жақсы дос бола аласың десе, жаман адам болмағаным, яғни, жақсы жігіт болуымда мүмкін ғой.
Айтыңыздаршы, кінәм не? Жүрегім оны жатқа қимайды. Үміт үзгім келмейді... Мен оның ортасын толық зерттедім. «Массагет» мен сүйген қыздың жан досы сияқты. Мұнда жазған мұңлы жазбаларының уақытын қараймын да, қалайша сездірмеген,жазбасы толған сағыныш, ал өмірде ол қайсар, күліп қана жүретін, өмір туралы ғажап ән сияқты. Бір шарада үлкен ағаларымыздың өзі «Сені жатқа қию мүмкін бе? Қай жігіттің етегінде кетер екенсің, қарағым!»деп көз тоймастай тамсанып тұрғанда шамым келді. Қызғанғаным болар. Сіздер ол қызды жақсы білесіздер! Менің шарасыз қалпыма ортақтас Сіздерге ғана көмек сұрап, пана тұта аламын.
Жұмысты да қойдым. Ойым тек өзінде!
Менің Сүйгенім, сіздердің Назерке Сланбекке мен қалай қол жеткіземін, «Массагет»! Көмектесші...
Айкерім Сматуллаева есімін жиі естігем, Назеркенің жазбаларынан жанына жақын жан екенін ұқтым. Мүмкін болса Сізден, сосын Анар ханымнан әсіресе жауап күтемін. Өтінемін, тіл қатыңыздаршы!
Жанымды түсінуге тырысқан, түсінген баршаңызға рахмет!
Ал, Еркем оқып отырсаң, мейлі мені сүйме, жанымда күнде жүрме,бірақ,маған күлімдеп қарауыңды тоқтатпашы...
Әлемнің күнін,түнін,бар махаббаты мен тіршіліктің барын тек сенің жанарыңнан көремін!
Сен бәрін де түсінетініңді білемін!