КОМАДА ӨТКЕН ҚЫРЫҚ ЖЫЛ...

КОМАДА ӨТКЕН ҚЫРЫҚ ЖЫЛ...
жеке
блог

Француз футболшысы Адамс Жан-Пьер 1982 жылдан бері комада жатыр. Биыл наурыз айында ес-түссіз, қимылдамай, тек жүрегі соғып, өмір мен өлім арасында жатқанына 39 жыл болады, жасы дәл қазір 72-де.

1981 жылы жиі жарақаттана беріп, футбол ойнауды доғарды. 1982 жылы 17 наурызда тізесіне ота жасату үшін Лиондағы клиникаға барады. Ол кезде қалада хирург деген мүлде тапшы, бір мезетте бірнеше адамды операция жасауға тура келеді. Жан-Пьерді емдейтін дәрігер (жанында тәжірибесіз жас көмекшісі бар) оңбай қателесіп, ота шарттарын дұрыс орындамайды, ауыз қуысына түтікті дұрыс орнатпайды, соның кесірінен өкпе вентиляциясы бұзылады, сырқат жүрек талмасына ұшырайды, миына да кері әсер етеді. Нәтижесінде футболшының миының біраз бөлігі қайта қалпына келмей қалады да, Жан-Пьер мәңгі қозғалыссыз жатып қалады. Осылайша ол үшін өмір 1982 жылы тоқтап қалған.

Қазір ол өз үйінде жатыр. Жалғыз күтушісі — әйелі Бернадетт Адамс. 38 жыл бойы күйеуінің жанынан бір елі ұзаған емес, күйеуін фотоға немесе видеоға мүлде түсіртпейді.

Бернадетт медицина саласындағы жаңалықтарды үзбей қарап отырады. Бар арманы — күйеуінің ми талшықтарын қалпына келтіре алатын өркениет заманына тез жету. "Тым құрығанда күйеуім бес минутқа өмірге қайта келсе ғой. Сөйлесер ем, ұзақ жылдар бойы мен қатты сағынған оның даусын тыңдар ем. Содан кейін өле кетсем де арманым жоқ" дейді әйелі.

Мұндай махаббатты әлемнен табу қиын... Әйелінің тағы бір арманы — күйеуінен кейін қайтыс болу, одан бұрын өле кетсе, қимылсыз жатқан бір кездегі жұлдыз футболшының халі бұдан да мүшкіл болары сөзсіз.

Суретте: Жан-Пьер Адамс, 1980 жыл.