Қолыңыздан келсе неге көмектеспейсіз?

Қолыңыздан келсе неге көмектеспейсіз?
жеке
блог

Адам баласы тарих толқынында жатқан неше дәуірді өткерді. Феодализм, социолизм, енді капитализм де біздің қоғамға келіп жетті. Әр кезеңнің адамға берген әсері әр қалай. Оның дұрыс әрі бұрыс жақтары да болды. Ал сөз межесін қазіргі кезеңге бұрсақ. Капитализм адамзаттың болмысын қаншалықты өзгерте алды немесе өзгерту үстінде? Өздеріңізге белгілі, бұл заман - қағаз басты, ақша құнды байлықтың заманы. Адамдар байлық деп не сұмды жасауға дайын болатын болды. Біздің ғаламшарда өмір сүретін әрбір адам баласы бізбен тең құқықты тұлға екенін ескергеніміз жөн. Мүмкін, оның бұл өмірде жолы болмаған шығар. Мүмкін, оның өзіне деген сенімі жетпеген болар. Содан пессимистік ойға беріліп, көше кезуге мәжбүр болған болар ...

Айтайын дегенім, адамның басына күн түскенде өзге адамның оған мән бермей өтіп кетуі, ойына да алмауы жүрекке ауыр тиеді. Бір уақыт өзіңізді сол кісінің орнына қойып көріңіз. Сіздің үйіңіз жоқ, көше кезген пендесіз. Сізге адамдар басқаша қарай кетеді. Ол да адам емес пе? Не болмаса, соқыр адам көшеде бір затын түсіріп әлде жолдан адасып тұрса, сіз оған көмектесесіз бе? Оған көмек керек. Біреу көмектесетін шығар деген оймен өтіп кететін болсаңыз қателесесіз. Сіз солай ойласаңыз, өзгелерде соған үйренеді.

Адамдықтан жұрдай, қағаздағы байлықты адам өмірінен артық көретін кезең, осы капитализм екен. Бүкіл әлем даму мен жаңару үдерісінде жүріп келеді. Сонымен бірге адамның мінезі де. Өмірдің заңы осыған бізді тәрбиелеп келсе де, біз мейірімді және ақкөңіл болып қалуымыз керек. Қолдан келгенше көмек бере білуіміз керек.

Бір күнде бір жақсылық жасап үйреніңіз. Ол мүмкін сізге тың болар. Ол қалай, күнде кімге көмектесе бересің? деген сұрақтар да болары рас. Көшеде кетіп бара жатып жасалған арзымайтын көмектің өзі де сіздің көңіліңізді жадыратып, бетіңізге күлкі шақырады. Тек жақсылық туралы ой дәріптеу керек, адам баласы!