...Есілдің етегіне еншімді алып келген екенмін десем,іңкәр сезімімді де жүрегіммен алып келген екенмін.Сірә,Дария маған «кеттің» деп ренжімейтін шығар,себебі ,көзім де көңілім де Сырдың серісіне түсті.Оны көрсем,оның жанында жүрсем өзімді бақытты сезінетінмін,жүрегімде жылу,жүзімнен күлкі,жанарымнан оған деген ыстық от байқалатын Ал,керісінше бір күн көрмесем,мен үшін мына дүние алай-дүлей болып,астан-кестені шығып,тау-тос қопарылып,өзен-көлдер арнасынан асып,бұлқынып жатқан жанартаулар атқылап,аспан жерге айналып түскендей болатын.Маған бейтаныс бір сезім көзімді көр,құлағымды керең,санамды улап,жүрегімді жаралы еткендей өзімді жоғалттым...Он екі мүшем өзімде болғанымен, бүткіл жаным дерлік сол кісінің құзырында секілденетін...Бұл сезімдер «бас бармақта» еді...
Ессіз едім!Бір рет болсын тілдеспедім,тіпті амандық сұраспадым.Тек көрдім...жаралы жанын көрдім...,мені мұңға бөлейтін жанарын көрдім.Мұңға бөлеген себебі,әрдайым «сенікі емес» деп тіл қатып тұратындай түйілетін. «Балан үйректе» оған деген сезімім күшейе түскендей.Қарны ашқан нәресте секілді «анамды» жиі көргім келетін.Көретінмін,жақыннан көрсем де мен үшін жырақта жүргендей болатын...
Ес жинаған жанша батылырақ болуға, «Бас бармақ» пен «балан үйректегі» сезімді жеңуге ,тіпті жоғалтпаққа бекіндім.Аты жоқ,заты жоқ ауыртпашылықпен, бегісіз тылсым күшпен алысып келе жатқанымда «ортан терек» болды.Өзгерген түгі де болмады!Ессіз екенімді мойындағым келмеді ме,білмеймін, жүрегімде алып ұшқан бейтаныс сезімге «қызылды » нұсқап,бөгет жасамадым...,жасай алмадым.Себебі...
Мен сізге ғашық екенмін....