Қолтаңба

Қолтаңба
жеке
блог

 Шарықтаған мына ғаламда сырлары ашылмаған, терең тұңғиықта алтын қазынадай жасырылынып жатқан қаншама тылсым дүниелер бар. Бар білеріміз, зымырандай уақытымыз зулап жатқан Жер бетіндегі адамзат, тіршілік және оның иелері. Алайда, біз адамдардың жан-дүниесін, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мынадай бейқам өмірде байқай аламыз ба екен?
Жалған дүние дидарын ашқан әр адам сәби шақтан, о дүниеге аттанған уақытқа дейін басқалардан ерекше болады, бұл-факт! Тек біз мына қауырт шаруаға толы заманда оны аңғара бермейміз. Біздің алдымыздағы буын өкілдері әр ұсақ-түйектен сұлулық, даралық көре білген, сол себептен де шығар, біз үшін жай ғана көздерді олар түпсіз терең тұңғиыққа теңегені, біз үшін "қарапайым" адам жүзін, олар көктен күннен, жерде гүлден нәр алған, ал шаштарын қара ормандай ғып сипаттағаны.
 Даралық демекші, ол-тұлғаның өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшелігі. Жауқазын гүлдей қар арасында да дараланып тұратын Жер жүзіндегі барлық жан.
 Даралық жайында менің бір ойым бар. Әрине, қазіргі таңда аузын ашса, жүрегі көрінетін, жаны мейірімге толы адамдар жетерлік. Алайда, төбесінен қара бұлт үйіріліп, әлемді жауындай көретін адамдар да көбеймесе, азаймай тұр. Сол себепті, дәуірдің адам қолтаңбасына айналған бір қасиеті-адамгершілік деп білемін.
Адамгершілік ілімін еуропалықтар этика деп атаса, түркілердегі кісілік қалыбы жәуәнмәртлік делін-ген. Осы жәуәнмәртлік ұғымы тұңғыш рет Абайдың 38-сөзінде кездеседі, ал ол ұғымды ғылыми айналымға енгізген – абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Жәуанмәртлік қарапайым тілмен айтқанда қайрымдылық. Қайырымдылық түбі –жомарттықтан негіз тартады. Ойшылдар тәпсірлеуінде қайырымдылық – екі шеткі кемшіліктің орта тұсы. Осы орта тұсты сақтап, қайырымды болу оңай шаруа емес. Таразының бір басына тасын, екінші басына затты қойып, екеуінің дәл тең тұсын табудың қиындығы секілді, жан деңгейіндегі халдің қайырымдылық күйін сақтау да оңай емес. Мысалы, мырза, жомарт болу оның қайырымдылық халін қадағалап, мұқият сақтаумен келеді. Әйтпесе осы жомарттық қайырымдылық шегінен асыңқырап кетсе, ысырапқорлыққа, кеміп кетсе, сараңдыққа ойысып кетеді. Ойшылдар негіздеген қайырымдылықтардың орта тұсы жайлы Шәкәрім өлеңдерінде кездеседі:
«Ат болсын, киім болсын, мінез болсын,
Құба төбел істі қыл жарасымды.
Артық алу,
Не кем салу
Қапы қалу жарамас» 
 
Жұмабай Айымжан

ҚазҰУ, Журналистика факультеті 3 курс

Жетекші: аға оқытушы Н.Б.Рушанова