Кеше ескі-құсқы дәптерлерімді ақтарып отырып, осы "қолтаңбаны" "тауып алдым"! Біраз жылға кері қайтып... қайтып келдім...
Студен кезімізде университетімізде сол бір әйгілі "Махаббат, қызық мол жылдардың" авторы - Әзілхан атамызбен кездесу ұйымдастырған болатын "үлкендер". Мен де көптің бірі болып бардым. Оған дейін жазғандарымды тек мен, өзім, жалғыз - үшеуміз ғана оқушы ек... Дәл сол кездесуден біраз бұрын ғана анам туралы жазғанды тәуекел деп, аудандық" "Жетісу" газетіне хат жазып, жазбамды жіберіп көріп, соны жариялған еді. Содан кейін мен үшін алынбас қамалдай көрінген бір сарайдың сыры ашылғандай болып еді. Сонымен, сол бір өзім үшін ашқан жаңалықтың буымен бұрқырап жүргенімде, Әзілхан атамызбен кездесудің орайы келді. Кеш барысынды тағы қандай танымал жазушылар, журналистер болғаны есімде жоқ. Есімде қалғаны: студенттер жазушы атамыз туралы мағлұматтар беріп, өмірбаянын айтып, шығармашылығына шолу жасады. Сосын танымал "Махаббат, қызық мол жылдарын" қашан, қалай жазғандығы туралы, сүйікті жары - Халима апай және "ұлы" махаббаттары туралы сөз етті. Арасында көрермендер тарапынын қойылған сұрақтарға жауап қатты. Ұялшақтықтан сұрақ та қоймағаным, ол кісінің қалай отырғаны, көрермендерді қызықты әңігемелерімен қалай күлдіргені бәрі есімде қалыпты. Кездесу соңында, кітаптарын таратты не сатты (ұйымдастырушылар ғо, әрине). Бізге кітап бұйырмады. Бірақ қолтаңба алу "бақыты" бұйырды! Қолтаңба біреу үшін жай ғана дүние шығар, тіпті нешеме түрлі танымалдылардың қолтаңбалары бар да шығар. Бірақ мен үшін маңызы өте зор "мөр" дер ем. Байқасам, содан кейін біршама нәрсе жазыппын, әрине, құнсыз болар менікі, бірақ, әйтеуір бір сарынға келгенім анық... Сізге көп рахмет, Әзілхан ата!
Н.ғ.: ...ешнәрсе де себепсіз, әншейін сәйкестік ретінде болмайтынына сене бастадым... жолым осы шығар, кім білсін...