Қолшатырсыз...
блог
Жауынды күні қолшатырмен жүру сізді қайдам, мен үшін күнә. Жерге түскен жауынның әр тамшысын, шіркін, рахаттанып сезіне алсаң... Жаңбыр мені бар күнәмнан арылтшы десең... Мені бақытты етші десең...
Мен жүгіріп келемін. «Жаңбыр қашпа, ұстап аламын» дегендей үдете жауып тұр. Жалаңаш денеме тиген тамшысы мына әлемнің қатыгездігін сезін дегендей ауырта түседі.
Жерге тиген сайын секіріп барып бірнеше бөлікке бөлініп кететін құдіреттің қай жері тамаша деп ойлап отырған боларсыз? Бәрі – тамаша.
Әсіресе, жаңбырлы түн. Түннің бар болмысын, мұңын, зарын шағатындай. Түннің атынан тіл қататындай. Түнерген бұлтпен менің қаһарымды сезінші дейді.
Шөл далада адасып, айдаладан құдық тапқандай қуанышымды жаңбыр сезіне ме екен? Әлде ол да өзгелер секілді «сезімсіз» бе?
Жаңбыр жауғаннан соң қалған шалшық суға қағаздан кеме жасап жібергенімде айналамдағылар күлген. Тек күлмей, сол қайықты ағысыңмен бірге ала кеткен «лас» жаңбыр суының тазалығын сезініп едім.
Сен мен жылағанда күлмейтінін үшін кереметсің! Сенің астында жалаң аяқ билегім келеді. Құдіретті деймін, мына әлемді жылап тұрып та бақытқа бөлеуге болатын құдіреттің дәлелісің сен.
Мен туған жерде жаңбыр жиі жаумайды. Содан ба, аңсарым жаңбырлы далаға ауатын да тұратын. Сені іздеп келдім... Сені тауып алдым. Тек мені сағынтпа!
Жаңбыр... Тамшылар... Қолшатырдың астына тығылған мың адам. Қолшатырсыз билеп бара жатырған бір бикеш... Қолшатырсыз... Біз бақыттымыз...