Көліктер зираты

Көліктер зираты
жеке
блог

Бельгияның Шатийон ауылына жақын маңдағы орманда ескі көліктердің көрмесі бар. Бұл көліктер соғыс жылдарында АҚШ солдаттарынан қалған. Көліктерді қайта елге қайтару көп қаржыны қажет еткендіктен орманда қалдарып кете берген. 

Әлемнің жұмбақ мекендерін саяхаттауды ұнататын жандар бұл мекенді естен шығарған емес. Өйткені, "темір тұлпарлар" ағаштардың жапырағымен оралып, топыраққа тереңінен батқандай. Сиқырға толы мекен, ғаламның дамуы мен өркениеттен шет қалған қала секілді.