Шынымен, рас айтам! Көлік мінгім келеді! Мына қыздың арманы тым таяз екен немесе дүниеқоңыздың біреуі екенсің деп күлмеңіз) "Көлігім болса" деген арманды осы жолы ғана шығардым. Осы күнге дейін олай қатты ойланбаппын.Болса болар, болмаса көрерміз деп жүрген едім. Бірақ, биыл ойым, қиялым тек көлікпен байланысты болып қалғандай. Түсімде түрлі қымбат көлікпен серуендеп, тау-тастың шаңын шығарып жүргенімді жиі көремін. Өзім айдап көрмеппін де, жүргізуші куәлігім де жоқ. Соған қарамастан, армандап қоямын. Керемет көлікті көре қалсам, ішінде өзім айдап отырғандай елестете кетемін. Тіпті, үйден шығарда оқуыма автобуспен баратынымды ұмытып кетіп, машинам күтіп тұрғандай ойлаймын. Қайта есімді жиып, өз өздімді жұбатып, оқуға кетемін. Қайтып келе жатқанда да, көшедегі көліктерден өзіме лайықтысын көзбен іздеп жүріп, бірааз қарап тұрып, амал жоқ үйге тағы жаяу қайтамын. Енді жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы оқуын оқып алу ойда бар. Сосын үйренген соң, өз арманымды жүзеге асыру үшін барымды салармын. Тер төгіп еңбек ету қажет. Көлік алсам, қуанышыммен ең бірінші болып, сіздермен бөлісемін) Енді бұл арманның қашан, қай уақытта орындалатынын бір Алла ғана біледі. Алайда, арманнан, Алладан үмітімді үзген емеспін. Бұл блогты не мақсатпен жазды деп таңырқамаңыздар, жәй ғана арманымның кішкене ғана бір бөлшегімен бөлісейін деген ой ғой менікі...Мүмкін сіздерде осындай бір нәрсені армандап, ойлап жүрген боларсыздар, бөлісе отырыңыздар?!)