Көлеңкемен күрес

Көлеңкемен күрес
жеке
блог

Әр сәт сайын санап келген жүрегімнің дүрсілін,

Осы күнді қанша күттім, оны сірә кім білсін?

Әл-дәрменсіз қолдарым, бұрынғыдай қайрат жоқ,

Біреу мені басқарғандай ауыр күйде жүрмін шын.

 

Қансыраған аузымда, қалды дәмі жеңістің,

Азабымды баса алмай, үрейменен көрістім.

Соңғы демім қалғанша, шыдауға да дайынмын,

Бәрі қарсы келсе-дағы, күресуге келістім.

 

Ой-санамның  қарсысынан көргендеймін көлеңке,

Айтшы кімсің, менің күшім саған сірә керек пе?

Бірақ жауап естілгендей болды өзімнің ішімнен,

Ол мен екем, менен түскен көлеңке.

 

Менің барлық күресімде табылды әркез қасымнан,

Енді келіп мүжіп жатыр жас жанымды жасыған.

Айтшы маған, айтқын кәне, менен саған не керек?

Көрмек болып асықтың ба бақытты ұшқан басымнан.

 

Бірақ олай бола қоймас, дәмеленбе босқа сен,

Дәл алдыңда сен танитын нағыз иең мынаМен.

Кемшілік пен осалдықты білгеніңмен бойдағы,

Бұл жекпе-жек адал болар, маған сен!

 

Өзіме-өзім қарсы шығам, ешбір амал-айласыз,

Келдім міне бетпе-бет, қашу енді пайдасыз.

Төреші де бола алмайды, тоқтата алмас бізді ешкім,

Тағдырыма бой ұсынам, құламаймын, тұрамын,

Ашулымын, көлеңкеммен жекпе-жекке шығамын.

 

Қорқыныш пен үрей жоқ, жоқ жүректе толқу да,

Бастан өтті асқақ жеңіс, жеңіліс пен қорқу да.

Адалдықтың тігу үшін құламайтын ақ туын,

Дайынмын мен көлеңкеме қарсы шығып жортуға.

 

Қорқыныш пен үрей жоқ, жоқ жүректе толқу да,

Бастан өтті асқақ жеңіс, жеңіліс пен қорқу да.

Адалдықтың тігу үшін құламайтын ақ туын,

Дайынмын мен көлеңкеме қарсы шығып жортуға.

 

Салқынқанды болғанымен, басып кетті тер мені,

Елдер мені «жолы болғыш жігіт қой» деп тергеді.

Бірінші рет көріп тұрған қорқынышым бұл емес,

Маңдайыма жазған шығар, тағдырдың бұл бергені.

 

Тыныштықты сүйемін, күресемін бірақ та шындық үшін,

Мақсатым бір - аяқталсын жеңіспен барлық ісім.

Боламын мен жеңімпаз, алған беттен қайтпаймын,

Шыққын кәне, тасып тұрса бойыңда қайрат-күшің.

 

Жекпе-жегім бұл соңғы, жоқ алдымда таңдауым,

Осы сәтке келгендей ғой тілегім мен арманым

Жалған айтар көлеңкелер тал түсте жоғалады дегендер,

Даурыққандар жеңілісте қалар бәлкім, жауған мұң.

 

Жұдырыққа жұмылдырып бар қайратым, күшімді,

Тоқтата алмас ешкім сірә, алға қойған ісімді.

Кемшілікпен күресу ол - ұлы күрес әмәндә

Жүрегіңде болса сәуле, қорықпа, көрсет күшіңді.

 

Жан-жағымнан қаумалады, қалғандаймын тұтқында,

Сәл мүлт кетсем, бұл сайыстан шықтым ба?!

Дүрсіл қағып жүргім, жүргізгендей есепті,

Бұл кек емес, есеп беру, соны шындап ұқтым да.

 

Құламадым, демек әлі  үмітім бар алдымда,

Өмір мені үйретті көп, есеп бер деп тағдырға.

Марапат пен олжа үшін күрес емес бұл деген,

Ал, жақсылық, зұлымдықа жеңіс добын салдырма!

 

Қорқыныш пен үрей жоқ, жоқ жүректе толқу да,

Бастан өтті асқақ жеңіс, жеңіліс пен қорқу да.

Адалдықтың тігу үшін құламайтын ақ туын,

Дайынмын мен көлеңкеме қарсы шығып жортуға.