Көлеңке сəттер немесе #көпнүкте
блог
Американың киноларындағыдай өмір сүру əлде қайда жеңілірек. Корей сериалдарындағыдай мейрімді болу ол тіптен оңай сияқты. Орыс мелодраммаларындағыдай "Менің өмірім, өзім білем"-ге салу қандай оңай жол, өткенді ұмыта салып, алға ұмтылудың. Қазақый қоғамға, тəрбиеде өскен қыйынның қыйыны. Өзіңдікі дұрыс болып тұрса да, үлкеннің алдын кеспе деген бар, шалыс бассаң, артыңнан еретін өсек бар, неге шалыс басыпты деген талқы бар, " кінə өзіңнен"- деп бетке басу бар, "все пройдет, самый главный жив, здоровь" дейтін орекеңдер сияқты емес қой. "Бітті бəрі, бұрынғы Эмели жоқ, қайта өмір бастаймын"- деп, басқа қалаға, басқа елге кете салатын Америка киносын-ай. Ех, шіркін. Менің де кеткім келді. Арттан ерген қаңқу сөздер, жете алмайтын, өркөкірек, понттар жоқ, Шет елге кеткім келді. Іштегі күйзеліс, мені Германияға сүйреді. Əттең неміс тілім нөл болды. Орысшаны жарытып білмей жүргенде, немістің тілін үйренуге курсс іздеп кеткенсің ғой. Қыйналдым. Өзімді тастап жібердім. Тығылдым. Қамауды жақсы көрдім. Күні қайсы, түні қайсы белгісіз сол күндер-ай. Уақыт өтті. Жүректегі жараны, жақсылап жылылап таңып, енді енді өзгелер сияқты өмір сүріп бастап едім, өткен күндерім, көлеңкесін қайта түсірді.