Қолдарыңыз әдемі болғанын қалайсыз ба?
жеке
блог
блог
Әйел адамның қолдары нәзік келеді. Қолдар нәзік жандылардың жас көрсеткішін білдіруі де әбден мүмкін. Қолдарыңыздың терісін қалай дұрыс күтуге болады?
Қол терісі арнайы күтім жасалмаса, өзін-өзі қорғауға қабілетсіз болып келеді. Май бездері қолдың үстіңгі терісінде аз мөлшерде, ал алақанда мүлде дерлік болмайды. Сондықтан мына шарттарды орындаңыз.
- Қыз-келіншектер үй шаруасымен жиі айналысатындықтан үнемі резеңке қолғап киу керек. Себебі кимеген жағдайда қолдарыңыз құрғап мүлде сымбатты болып көрінбейді.\
- Ұйықтар алдында қолыңызға крем немесе оливка майын жағып спа қолбақ киіп жатқан абзал.
- Тырнақтарыңыз үнемі әдемі болуы қажет, күтім жасалғаны бірден білінуі керек. Бір айда 1-2 рет маникюр жасаған артық болмацды.
- Егер тырнақтың жан-жағына артық еттер өссе онда оны қолыңызбен жұлып алмай, арнайы қысқышпен алы тастаңыз. Өйтпеген жағдайда етіңіз ауырып немесе қансырап қалуы әбден мүмкін.
- Ауа райы суықтаған мезгілде қолғабыңызды киуді ұмытпағайсыз.