Өмірде бәрі алмакезек… Белгілі бір уақиғалар да, адамдардың тағдыры да, уақыт та...Қарап тұрсаң, мүлдем түсіне де кіріп шықпаған оқиғалар басыннан өтіп жатады.Бірде қуаныш, бірде қайғы… Бірде байлық, бірде жоқтық.Бірде жетер асуың, шығар шыңын көп болып көрінсе, бірде құлаған құзыңнан, сүрінген тұсыңнан шыға алмастай хәлде боласың… Сол тәрізді адамдардың белгілі бір адамға деген қарым-қатынасы да алмакезек… Сені бір кезде көзіне де ілмеген, менсінбеген адамдар уақыт серпініне қарай сенің алдына жыламсырай келуі де ғажап емес…Бір күні: «Туф, ол неге ештеңе жазбайды немесе неге хабарласпайды»...«Онлайнда отырса да, тіпті менің жағдайымның қалай екенің сұрамайды»-дейтін де күндерін болады.Тіпті сен оның хал-жағдайын өзің сұраған күннің өзінде де, ол(бойжеткен) түк болмағандай:'«Сәлем, бәрі жақсы.Сенің қалың қалай?,»-дегеннен артық ештеңе жазбайды.Сен:«Мұнан басқа ештеңе жазбайды ма сонда?»,-деп таң қаласың…Сен:«Мүмкін кездесерміз?»,-деп сұрайсың.Ол(бойжеткен) сенің бұл сөзіне бұрын қатты қуанатын, тіптен ұялы телефонның тұтқасынан:«Сені қатты сағынып жүрмін, мен сені күнде тосамын!''-деп айқайлауға да шақ қалатын… Ал,қазір… Ал,қазір жоқ… Бәрі басқаша,өзгеше...Әрине, ол сенің келетініне, сенің жағдайынның жақсы екендігіне қуанары сөзсіз, алайда ешқандай сезім болмайды… Ол (бойжеткен)да өзінің ешқашан өшпестей сезімінің өшкеніне, сөнгеніне сенер емес… Бұрын өзін естен айырылуға дейін барғанына, соншама көз жасын төккеніне,қайғырғанына себепкер болған адамға деген сезімі біржола өшкеніне қалай сенсін… Жоқ...Әңгіме басқа жігітте емес… Жәй ғана, біраз уақыттың арасында бәрі де өзгерді… Ол(бойжеткен) тек, сені қашан болмасын тосудан, саған ренжуден, жазудан немесе хабарласудан шаршады… Ол сенің ұялы телефоннан қалай жауап беретініңді, смс-ке қалай жауап қайтаратыныңды білді.Ол:''Сәлем, жан! Қалайсың? Мен сені сағындым...»-деп те жазғысы келді.Алайда ол күнделікті бір сөзді жиі естуден жалықты… Сабақ… Жаңа таныстар… Күнделікті өмір… Уақыт та солай өтіп жатты.Сенсіз… Ол ойлағандай, сенсіз өткен өмір ешқандай қорқынышты да емес екен.Ал енді қалай болғанын сен тіптен түсінбейсің… Ол сені сүйген тәрізді еді ғой… Шынымен де өтірік айтқаны ма… Жоқ, мүмкін емес… Ол төзуге шыдамайтын соншама реніштің болғаны анық.Енді оған бәрібір… Ал, саған енді ғана оны сүйетіндігін сезілді.Бірақ одан не пайда?..."Қолда барда, алтынның қадірі жоқ"-деген сөз осы шығар… Уақыт бәрін қалпына келтіреді… Бәрі уақыттың еншісінде…