Қолда барда алтынның қадірі жоқ

 

  Адамдар нағыз бағалы заттардың құнын түсінсе де сақтап қалуға ұмтылмайды. Мұнда рухани құндылықтарды айтып тереңге бойламай-ақ қарапайым көзге көрінетін материалдық  дүниелердің бағалылығын айтсақ та жеткілікті. Бүгінгі күнгі экология, бүгінгі күнгі табиғат осы мәселені қозғамасқа болдырмайды. Себебі адамдардың тым ысырапшылдығы, үнемділік дегенді ұмытуы асыл дүниелердің күрт азаюына әкеліп соғады. Ең өкініштісі осының бәрін адам өз қолымен жасауында. Ағаштардың өлшеусіз кесілуі, мұнай, бензиннің дұрыс қолданылмауы, ауыз судың далаға кетуі т.б өте керектілердің бір мезеттегі адамның ойланбай жасаған әрекетінен жойылып кету алдында. Бұл үлкен (глобальді), күрделі мәселеге айналып отыр. Олар табиғаттың талай жылдық сыйын өз қолдарымен өртеп жібергенмен тең әрекет жасайтындарын түсіне бермейді.

 



Бөлісу: