ҚОЛ СОЗАМЫН

ҚОЛ СОЗАМЫН
жеке
блог

 

Қол созамын,

Жетпеймін неге саған?

Тапжылмайтын заңғар тау, емес адам.

Ұстататын жан болса қолымызды

Қазынамды сол жанға бере салам.

 

Қол созамын,

Жетердей боп қаламын,

«Аз қалды»-деп, тағы да оқталамын.

Қарғыс атқыр өмірде екеуміздей,

(Бақытты+Бақытсыз) жан, жоқ қарағым.

 

 

 

Қол созамын,

Қайтейін сағынғаннан,

Шаршап кеттім, сүрлігіп сабылғаннан.

«Ғашықтар қосылмауы тиіс»-деген,

Заң бар ма еді?-

Өмірде қабылданған.

 

Қол созамын,

Қайғыдан сейілердей.

Оның да тұр, дегенмен, күйі келмей,

Қыса алмасам қолыңды, сайтан алғыр

Бір басыма, бар қайғы үйілердей.

 

Қол созамын,

Қолыңды қысу үшін,

Құшағыңды қыпсыра құшу үшін.

Ерініңнен емірене сүйіп тұрып

Сағыныштың мауқынан түсу үшін.

 

Қол созамын,

Қолыңа жеткенімше,

Қош айтысып өмірмен кеткенімше...

            АРМАН ҚҰДАЙБЕРГЕН