КӨКТЕН ТҮСКЕНДЕР КІМДЕР?
блог
Бұның несі қызық дерсің... Бірақ ол ғарышкерлер не АҚШ, не Ресей, не болмаса өзге мемлекеттердің азаматтарына ұқсамайды...
Баяғы Үшінші Рейхтың, яғни фашистік свастикасы бар скафандар кигендер... Қызығы осында болып тұр. Атлант мұхитына қонғандарды АҚШ әскери кемелері қарсы алды. Бұлар кімдер? АҚШ болған оқиғаны «өте құпия» деген атау тағып, жауып тастады. Тек кейбір сыртқа шығып кеткен ақпарат көздерінде «1943 жылы Үшінші Рейхтың ғарышқа ұшырған ғарышкерлері екен...» деген там-тұм ғана дерек айтылды. Сонымен болды. Сонда олар 47 жыл бойы көкте не істеп жүрген? Әлде өзге ғаламшар иелерімен кездесіп, сол жақта «қонақта» болды ма екен? Дегенмен фашистік Германия 1943 жылы ұшырған ғарышкерлер жөніндегі деректер соңғы кезде ғана аздап құпиясын аша бастаған сияқты. Оған сол АҚШ басылымдарында пайда болған деректер куә.
...Әлем баспасөзінде Адольф Гитлер және оның жақын серіктерінің астрология ғылымына, көріпкелдерге, тылсым күшке ие жұмбақ мекендерге тым құмар болғаны, соларды іздеп, ғажайып қару жасауға ұмтылғаны, уақыт кілтін тауып, әлемді билеуге тырысқаны жөнінде көп жазылды. Әлі де жазыла берері анық. Өйткені Үшінші Рейхтың адамзат дамуына қосқан үлесі орасан зор. Олардың жеткен жетістігін бағалау да қажет.Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңында неміс жеріне басып кірген одақтастар (негізі АҚШ және ағылшындар) әскері көптеген жұмбақ зауыт, фабрикаларды, зертханаларды, оларда жасалған құпия қаруларды басып қалды. Оның бәрін өз жеріне құпия түрде, жедел тасып әкеткені де белгілі. Құпия дүниелердің ішінде не жоқ дейсіз.Бүгінгі ядролық баллистикалық зымырандардың атасы Фау-1 қанатты зымыраны, Фау-2 баллистикалық зымыраны да бар еді. Фашистік Германия небір ғаламат қаруларды жасауға тырысқаны сол кезде белгілі болды. Тек соғыстағы сәтсіздіктер, жеңілуі бөгет болып, әлгі ғаламат қаруларды шығаруға мүмкіндік болмай қалды. Егер де Гитлер басында тұрған Үшінші Рейх ол қаруларды жасап үлгергенде, бүгінгі әлем басқаша болар еді... Жер шары фашистердің табанында жатар ма еді, кім білсін? Бүгінгі жұрт сенер, сенбес, бірақ Үшінші Рейх қарапайым атыс құралынан бастап, орасан зор қуатқа ие қаруларды, ядролық бомбыларды жасауға тырысты. Ол тұста жүздеген, мыңдаған шақырымға ұшатын зымырандарды жасау, қатарға қою мүмкін емес-ті. Бірақ фашистер оған қол жеткізе алды. Оған өздері емес, бөгде ғаламшар иелері көмектесті, Үшінші Рейх олармен байланыста болды деген де сыбыс бар. Батыс зерттеушілері солай дейді.
Бәрі мүмкін. Өйткені соңғы үлгідегі технологиялық жетістікке жету һәм әлемді алақанында ұстау үшін немістер билікке Гитлер келгенге дейін де ұмтылыстар жасаған. Олар тылсым мекендерге, соның ішінде уақыт кілті бар деген Тибеттегі Шамбалаға құпия экспедиция жіберіп отырған. Сондай бір топ Тибетте апатқа ұшыраған бөгде ғаламшардың табақшаға ұқсас, ғарыш кемесін тауып алған. Олармен байланысқа түскен. Жұлдызаралық ғарыш кемесін жөндеуге қажетті құрал тауып берген. «Сыйға сый, сыраға бал» ретінде жатжұрттық кеме иелері немістерге жердегі жұрт әлі қол жеткізе алмаған білім мен технологияның жолын көрсеткен. Арты белгілі... Фашистердің ғылымда қол жеткізген ғажап жетістіктерінің артында бөгде ғаламшар иелері тұрғандығы белгілі... Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында бар-жоғы 57 сүңгуір қайығы бар Германия 4 жылға созылған соғыс кезінде супер мүмкіндіктерге ие болып, 1150 суасты кемесін жасап шыққан. Олардың бір кереметтігі жанар-жағар майлары базадан ондаған мың шақырым алыс жерде жүруіне мүмкіндік жасаған. Сондай-ақ ешқандай радарға түспейтіндей, шусыз жүрген. Алып жүретін қаруларының да саны мол болған. Бұған ешқандай ағылшын, америка, не болмаса кеңес сүңгуір қайықтары тең келе алмаған. Ғажаптығы – осында.
Сонымен қатар, американ, ағылшын ұшқыштары өз күнделіктерінде неміс аспанында талай мәрте табақшаға ұқсас жұмбақ ұшақтарды көргенін жазып қалдырған. Мәселен, 1943 жылы фашистер құпия зертханада жасалған табақша тектес ұшатын апаратты сынақтан өткізген. Бұл жөнінде құпия деректер мұрағаттарда сақтаулы. Бірақ ол апараттың тағдыры белгісіз. Бәлкім ағылшын, американ ұшқыштары осы апаратты көрген болар... Оны кеңестік ұшқыштар да көруі мүмкін. Бірақ ондай сыбыс таратуға Кеңес империясы қатаң қараған. Бас кететін болған. Сондықтан айтылмады деуге негіз бар.
Енді басында айтып кеткен, фашистік ғарышкерлерге келейік. 1943 жылы Кеңес елімен соғыстың өзгеше бағыт алып, немістер жеңіліске ұшырай бастаған соң, Үшінші Рейх өзге ғаламшар иелерімен кездесіп, көмек сұрап, не болмаса кек қайтаратын ғаламат қарудың жобасын алып келуге ғарышкерлер ұшырған. Араға 47 жыл салып, солар жерге қайта оралып отыр... Ғарышкерлерді Гитлердің өзі таңдауға араласқан. Жерге оралғандарға «Сәттілік тілеген» Гитлердің қолы қойылған марапат қағаздары да болыпты. НАСА сарапшыларының зерттеуіне қарағанда, немістер ғарышқа көтерілу үшін үш сатылы зымыранды пайдаланған. Ол 1943 жылы Пенемюнде полигонынан ұшырылған. Бір таңғаларлық жайт, құпия зертханада жасалған ұшатын табақша секілді апаратты сынаған жыл, күн мен ай дәл ғарышқа ұшырылған ғарышкерлердің уақытымен дөп келіп тұр.
Араға шамамен жарты ғасырдай уақыт салып жерге оралған ғарышкерлер дым өзгермеген... Сол жас қалыптарында.. Бәлкім олар «қонақта» болған ғаламшарда уақыт жылдамдығы өзгеше ме екен? Кім білсін? Әрине, бір қарағанда айтылып отырған оқиға қиял-ғажайыпқа көбірек келгенмен, ақиқат еді. Ғарышкерлер тағдыры да, олардың көктен алып келген құпия деректері де «аса құпия» деген айдар тағылып, НАСА-ға тапсырылды. Сол өткен ғасырдың 90-шы жылдары осы мәселеге байланысты хабар тартуға тырысып, НАСА-дан ақпарат беруді өтінген әлемнің көптеген журналистері жарытымды ештеңе ала алмады. НАСА болған оқиғаны не өтірік, не шын деп айтпады.Ешнәрсе болмағандай үнсіз қалды. Шындығында, фашистік ғарышкерлер көктен керемет ақпарат алып келгені анық. Оны игілігіне жарату үшін, НАСА құпия сақтауда. Тіпті АҚШ-тың соңғы кезде ғылым һәм әскери қару жасауда адам таңғаларлық жетістікке жете бастауы, сол ғарышкерлер алып келген құжаттарға байланысты деген де алыпқашпа әңгіме бар. Бәлкім бұл сыбыстың өзегінде шындық жатуы да даусыз.
Ең бастысы, ғарышкерлерді ұшырған соң, Гитлер «көп ұзамай қолымызда «ғажап қару» пайда болады. Біз онымен әлемді бағындырамыз» деп мәлімдеме жасауы тегін емес. Ол атом қаруы ма, әлде жатжұрттықтар әскери көмек береді деп үміттенді ме? Ол жағы бізге белгісіз. Десек те, қазіргі күні әлі көптеген зерттеушілер «фашистер бөгде ғаламшар иелерімен байланыста болған ба?» деген сауалды алға қойып, тыңғылықты зерттеу жүргізуде. Оның қорытындысы бүгін болмаса да, болшақта белгілі болары анық.
Сонымен қатар, 1943 жылы Гитлердің тікелей араласуымен көкке көтеріліп, араға 47 жыл салып кері оралған фашистік ғарышкерлердің тағдыры да анықталып қалар...