Көктемге хат жазалық...

..Көктем кіріп келеді бақтарыма,

Орманыма, далама, бақтарыма.

Шуағыңды күнім боп төге келші,

Жадау иттей күн кешкен шақта мына.

     Сарғайған парақтарды ақтарып отырып, осы бір өлеңімді тауып алдым. Жазылған мерзімі 26.02.2007 жыл екен. Ойланып отырмын, сол жылдары көктем ерте келген бе деп. Солай болған да шығар.

     Ал, биыл Көктем ханшайымның кешігетін түрі бар. Өткенде бір ортада "шіркін-ай, көктем тезірек келсе екен" деген күрсіне шыққан сөзді естіп қалдым. Ол ғана емес, көбіміз Көктемді шынымен-ақ сағынып жүрміз. Биылғы қыстың қаталдығы есте қалатын-ақ.

     Десе де, көктем кешігіп жатса, хат жазалық. "Сәлеметсіз бе, Көктем ханшайым! Біз Сізді сағынып жүрміз..." деп басталатын ақ сәлемімізді ақбауыр бұлттарға ілестіріп жіберелік...      



Бөлісу: