Көктем қандай керемет, жанымызды елжіреткен,
Аруға ән арнаған, жыр шығар әр жүректен.
Ай күліп, күн қарайды, бұлбұлдар салып әнге -
Тамсандым тоя алмастан, сәніңді берші көктем.
Ылғи да нұрға бөлеп, осылай келші көктем.
Көкірегімнен бастау алды бір бұлақ,
Жүректе тұр тар кеудені ұрғылап.
Неге екенін, неге екенін білмеймін -
Шатырлардан тамшылар да тұр жылап.
Жайма шуақ көңілді екен бар алап,
Мен отырмын аз ойланып, жыр құрап . . . . . .