КӨКТЕМ - ЫРЫС

Өзен-көлдер тасыған саласынан,

Құстар келіп шырқаған таласып ән.

Көктем иісі аңқыған төскейінен,

Айналайын қазақтың даласынан.

 

Жасыл желек киініп жапырақпен,

Биге басар нұрланып атыраппен.

Қозы-лақтар шауып жүр үй маңында,

Еркелігін көрсетіп тапырақпен.

 

Қар астында бұйығып ұйқы кешкен,

Бәйшешектер жұпары желмен ескен.

Ән салып жүр сызылтып ару қыздар,

Қызғалдақтай далада еркін өскен.

 

Ырыздығы болашақ мерекенің,

Ұмытпайық себепші жер екенін.

Қош келдің өңіріме көктем-ырыс,

Бастауы болсаң екен берекенің!



Бөлісу: