Көктем -парфюмерші
жеке
блог
блог
Көктемнің күнінде алғашқы жаңбыр себелеп жауып өте шықты. Аспандағы жайлаған қою сұр бұлт салмағын жоғалтып жоғары көтерілді, бірақ тарқамады. Жылыжайдағыдай ауа-райы орын алды. Ауаға „көктем„ атаулы хош иісті әтір бүркілгендей. Одан, жапырағы жайылып үлгермеген талдың бүршік қауыздарын біріктірген шайырдың және көк теректің бүршігінен қылтиған жасыл жапырақтың иісі сезілді.