Көктем-өмір бастауы!

Көктем-өмір бастауы!
жеке
блог

Міне қыс бітіп,жылы,шуақ күнімен көктемде келді!Пах шіркін,көктем десек,көңілімізге шаттық ұялап,бір марқайып қаламыз.Өзінің ерекше қасиеті бардай,осы мезгілге жеткенше асығамыз!Талдар бүршік атып,көктің басы көрінеді.Мал төлдеп,қорадағы қозы-лақтың шулаған дауысы,қыста сапар шегіп,қатар тізілген құстар,қыбырлаған жәндіктер бәрі-бәрі көктемнің әсемдігін көрсетеді.Одан кейін қазақ халқының жаңа жылы-Наурыз!!Әсем ән,күмбірлеген күй,мың бұралған билерімен ерекешеленіп Наурызды қарсы аламыз.Қазақтың ұлттық көйлегі,сыңғырлаған шашбай-әр қыздың сәнін,нәзіктігін көрсетеді.Міне!Көктемнің нәзіктігі,тіршіліктің басталуы,қай затты болмасын құлпыртып жібереді.Бізде мезгілге сай күліп,көңілді жүрейік,бізде көктем мезгілі сияқты жан-жағымызға куаныш сыйлап,күлкі сыйлайық.Ардайым адемі болайық,сыпайы болайық,миірімді болайық!!!!