Өзіңізге осындай юбка үлгісі ұнаса, фото-хабар ретінде қалай жасалынатынын көрсете аламын.
Алдымен мата таңдайық. Көктем-жаз маусымына жеңіл маталар ыңғайлы. Дегенмен, дәл осы үлгі үшін біз Креп матасын таңдадық. Ені 1,5 метр болса, ұзындығы 1 метр
Үйде жатқан, өзіңізге дәл қысқа юбканың пішінін таңдасаңыз болады
Қарандаш немесе бормен матаның үстіне бұл юбканы қойып, пішінін ойып аласыз.
Ойып алған соң, тігін машинкесімен тігіп, киіп көрсеңіз де болады.
Матаның қалдықтарынан әдемі бүрмесін дайындаймыз, әр бүрменің ұзындығы 7-10 см болуы тиіс
Дұрыстап өлшеп....
...жіппен көктейміз
Тігін мәшинкесімен тігіп, артық жіптерін алып тастаймыз
Әрине, юбканы ұстап тұратын ілмек немесе замокты тігіп қоюды ұмытпаңыз
Міне, Көктем-жаз маусымының сәнді юбка үлгісі дайын. Уақыт бойынша шамамен 30 мин алады!
P.S. Өзім жайлы айтып кетсем, Миланда "Сәнгер" мамандығында 3 жыл оқыдым.
Елімңздің сән әлемінде "сәнгер" ретінде соңғы 1 жыл ішінде аяқ бастым. Kazakhstan Fashion Week - сән апталығында өзімнің Ciao Bella атты Көктем-Жаз 2011 киім топтамасын ұсындым. Кейін еліміздің арналарына сұхбат беріп, тележобаларға қатыстым: "Сен сұлу"- Қазақстан, "Красивая жизнь" - Хит тв, "Іске Сәт!" - Хабар және т.б. . Сонымен қатар әлем бойынша көрсетілетін World Fashion арнасы үшін арнайы киім топтамасының қойылымы өтіп, сонау Мәскеуге де шақырған ұсыныстар болды. Соның бірі Иван Ургант пен Александр Цекало жүргңзетін "Большая Разница" жобасы.
Өздеріңізге осындай фото-хабар қызық болса, басқа да түрлі киім үлгілерін дайындау барысын көрсетуге дайынмын!
Басқа мәліметтерді мына https://www.massaget.kz/blog/1283 сілтемден таба алсыздар!