Көктем, көктем, мені сені сүйіп өтем!))
блог
Міне, бәріміздің тағатсыздана күткен, сағынып жеткен көктем де келіп жетті. Айнала бір жайма-шуақ күйге еніп, мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Өйткені, шаруасын шыр айналдырып, ары-бері ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйі мерекелік күнге арналған, бүгін. Көшеден болсын, кабинеттен болсын, амандық сұрасқасын, «Көктемнің алғашқы күнімен», деп бір-бірін құттықтап жатқан елді көресің. Лентаға да жазып-жазып жібердік. Тіпті қоңырау шалып, құттықтап, көктемнің құдіретін сезіндіріп жатқандарға да ырза боласың да е). Агенттің шағын блогына да маза жоқ, осы сөздермен. Хош, мерекеге ұластыра берсін дейік!
Көктем келгенде - тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып, жасыл баққа орануы бір ғажайып жаратылыс! Дала маңы у-шуға толып, бар тіршіліктің дүркіреп бір сала беретін шағы. Бәйшешегі ше, шұрқырап барып теретін. Талдар бүршік атып, жайқалған дала көздің жауын ала бастайды, бұйырса!
Көктемнің тағы бір әдемілігі — қыздар құлпырады, келісіңіздер, ия!). Тіпті, қыздар - көктемнің символы деуге болатын шығар. Ару қыздар одан сайын сұлулана түседі. Күлім қағып, сыңғырлап-сықылықтап жүрген қыздарды аялайтын азаматтарымыз тұрғанда «Көктем», "Қыз" ұғымдары қатар аталады деп білеміз!). «Көктемнің алғашқы күні» құтты болсын, достарик!!!
P.S. Таңертең аздап, қар қылаң беріп еді, жай ұшқын екен, қазір көктемнің әдемі лебі бар...