Жалпы, көктем мезгілі мен үшін ерекше уақыт. Кеше ғана көңіл-күйім түсіп, депрессия бола жаздағанмын. Ал, қазір Аллаға шүкір, бәрі орнына келе қалды. Маған бәріне себепкер осы Көктем секілді. Көктем деген жылы ауа-райы ғана емес, ол күптен күткен 8 наурыз мерекесі. Және, менің туған күнім.
Биыл жиырма үшке толамын Құдай қаласа. Осы уақытқа дейін туған күн дегенді жек көретінмін (балалық шығар). Ал, қазір ерекше толғаныспен күтетін күн. Былтыр шығармашылық ұжыммен тойлаған едім. Биыл ондай жоспар жоқ ("Айтуға оңайдан" кеткелі бері олармен ондай деңгейде араласу жоқ). Әйтеуір, ол күнді ұмытылмас етіп өткізетініміме сенімім мол. Себебі өмір бойы армандаған ақбоз ат мінген ханзадам бар қасымда... Бұл ең бастысы.
Алға мақсат етіп қойған ойларым көп. Көктемде көбісі іске асып қалар.
Құрметті, оқырмандар, құрбыларым, келе жатқан біздің мереке құтты болсын! Көктемде әрбірің бақытты болуларыңа тілектеспін! Мені көктемде дүниеге әкелген анама мың да бір рахмет!