Көктем, қайдасың???

Ауа-райы менің көңіл-күйіме қатты әсер етеді. Қазірде маған күннің күлімдеген көзі, бетіңді тоса қалғандағы жылы лебі жетіспейді. Осы жылғы 8-наурыз да басқаша сияқты. Бұл жылы ең қызығы мерекелік фотосессияның болғаны шығар. Өзіңе болмаса да, жігіттердің ғашықтарына деген сыйлық таңдап, қуантқысы келіп жүргендері жүрек жылытты. Әсіресе группаласым Олжастың өз қызына арнаған өлең-құттықтауы романтика аңсап жүрген жаныма одан сайын тұз сепкендей болды:) 

Негізі біз осында жігіттерге романтика жетіспейді деп зарлап жатамыз. Менің ойымша, әр нәрсені адам "заслужить" ету керек. Романтикалық қарым-қатынасты да. Олжастың қызына қызығам, тьфу-тьфу екеуі сөйлескен сайын 10 мин қоштасады: "Қой, Тәттім, болды енді, қолым босағанда бірден звандайм...Болды енді қоя ғой...Тәтті-і-ім" деп еркелесіп жатқанда, мен өзіммен-өзім ыржиып мәз болам:)

Еххх... мұның бәрі жақсы ғой. Біздің "Екпіннің" жүректерді қосып жатқаны да жақсы. Ролигымызға түскен дизайнер қызымызға құда түсіп қойса, енді сұхбаты жарияланған заңгер Ләззаттың  нөмеріне жігіттер таласуда:) Бірақ өкінішке қарай, оның сүйгені бар уже:) 

Иә, күн көзі әрдайым көрінетін елдерде адамдар да бақыттырақ болады екен. Бұл ғылым жүзінде дәлелденген факт. Испаниялықтар мысалы. Онда апельсин-мандариндер де көп өседі. Неге екені мен үшін күн десе бірден цитрус ойыма келеді. Испанияға сапарым жайлы алғашқы постым да жарық көрді. Бірақ әлі ұшу кезеңінде жүрмін:) 

Иә...көктем...махаббат... Ал бізге бүгін апайымыз қыздарға деп "Бақыт құсын" сыйлады. Бәлкім, расында бақыт құсы махаббат құсын да ерте келер:)



Бөлісу: