Көктем гүлі

Көктем гүлі
жеке
блог

Бұлбұл ғана тек, раушан гүлін түсінер. Үнді жұртының нақыл сөзі

«Жасыл қырат жақта...» - бұл, Akzere.dosym.kz мекеніндегі Анар Мұстафинаның блогтұғырнамасы, шығармашылық мүйісі. Анар – ӘЛЕМ! Анар – қазақ интернетінің ТАҢШОЛПАНЫ!

Анар – АРУ, Массагет АРУЫ, Қазақ АРУЫ!; бір басына бірнеше қасиетті қондыра білген, бойына сіңіре білген бірден-бір жан!

Жүрек дастархан емес - кім көрінгеннің алдына жая бермейсің. Әйтсе де, Анарға ашылудың да, кең көсіле жайылудың реті келіп тұрған сияқты... )

АНАР – АНАР!

Қымбатты, АНАР! Қымбатты, МАССАГЕТ АРУЫ! Қымбатты, ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ! Көктем мерекесі құтты болсын! Өзіңізге деген құрметімді, мерекелік тартуымды қабыл алыңыз!

Анар Мұстафина. Жасыл қырат жақта...

Қымбатты, оқырман! Виртуалды бұл, е-кітапта қашанда игі істердің бастауында жүрген, қазақ блоггерлерінің алғашқы қарлығашы – Ақзере, Анар Мұстафинаның «Жасыл қырат жақта...» тұғырнамасынан алынған еңбектері тұңғыш рет жинақ боп, топтастырыла беріліп отыр. Тұсаукесері де осы!.. ). Техникалық мәселелердің оңтайлы шешілмеуі және авторлық құқық талаптарына cай іс ретін, орайын келтіре алмадым )). Ақзеренің шығармашылығына қызығушылық танытқан, тұлғалық биікке көтерілуден үмітті жандар болса автордың өзіне мына мекен-жай бойынша хабарласқаны дұрыс болар: anarkina@bk.ru

Анарда жазық жоқ, бізде азық жоқ... )))

Қымбатты, Ақзере! Ертеректе сөз сұраған, ел сұраған кісіге: «Жанған оттай, жарға соқпай аман өт!», - деп, бата бергенді естіген ем. Бақытты бол, бақытың баянды болсын!

Қосыла, бірге шырқайық... )